Байланысқа арналған телефондар:
» » 1) Түркістан облыстық сотында бизнес өкілдерінің қатысуымен қаралған істер көбейген

1) Түркістан облыстық сотында бизнес өкілдерінің қатысуымен қаралған істер көбейген

20 Қантар 2025, Дүйсенбі
1 523
0
Түркістан облыстық сотында бизнес өкілдерінің қатысуымен қаралған істер көбейген

  Түркістан облыстық сотының оқу орталығында бизнес өкілдеріне қатысты әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
  Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Мекембай әкімшілік істерді қарау барысында кездесетін мәселелер мен өзгерістер жөнінде баяндама жасап, маңызды ақпараттармен бөлісті. Биылғы жылдың 9 айында әкімшілік сотта инвесторлар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен 393 талап қою қаралған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 пайызға артқан. 2023 жылдың 9 айында бизнес өкілдерінің 84 әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылды, ал 15 іс тараптардың медиативтік келісімімен аяқталды.
  Басқосуда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Тұрысбаев Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» енгізілген өзгерістер туралы түсіндірме жасады.
  Қатысушылар өзара пікір алмасты, тақырып бойынша туындаған сұрақтарға сала мамандары кең көлемде жауап беріп, ұсыныстар тыңдалды. Бұл дөңгелек үстел бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау және әкімшілік істерді қарау тәртібін жақсарту жолындағы маңызды қадам болды. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать