Әл-Фараби ауданында инфрақұрылым жаңғыруда: жаңа ойын алаңдары, жарықтандыру және жолдар
Әл-Фараби ауданында инфрақұрылым жаңғыруда: жаңа ойын алаңдары, жарықтандыру және жолдар
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында 2025 жылы ауқымды көркейту жұмыстары жоспарлануда. Аудан балаларға арналған 33 жаңа ойын алаңшасымен және Сәуле шағын ауданында заманауи спорт кешенімен толығады. Бұл шаралар аудан аумағында ойын және спорт алаңшаларымен қамтуды 2025 жылдың соңына дейін 83,5%-ға, ал 2026 жылы 100%-ға жеткізуге бағытталған.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Аудандағы көшелерді жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. 390 көшенің 314-і (80,5%) қазірдің өзінде жарықтандырылған. Ағымдағы жылы қосымша 76 көшеге жарық орнатылып, жыл соңына дейін ауданның барлық көшелері толығымен жарықтандырылады.
Әл-Фараби ауданындағы көшелердің жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайды. Оның 245 шақырымы асфальтталған, ал 15 шақырымы тас жол. 2024 жылы 25 көшеге асфальт төсеу жоспарланған, ал 2025 жылға қарай аудандағы барлық көшелер асфальттанып, жол сапасы 100%-ға жеткізіледі деп күтілуде.
Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, 344 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға 2000 тонна асфальт төселеді. Бұл жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады. Атап айтқанда, балалардың қауіпсіз ойын алаңдарында уақыт өткізуіне, жарық көшелерде кешкі серуендеуге, ал сапалы жолдарда көлікпен ыңғайлы жүруіне жағдай жасалады. Бұл жобалар ауданның жалпы көрінісін жақсартып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)