1) ШЫМКЕНТКЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ
Шымкентте қалың қар жауып, қалада қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Синоптиктердің айтуынша, бүгін сағат 17:00-ге дейін жауын-шашынның тоқтамайтындығы болжануда. Скандинавия аймақтарынан келген циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашынға себеп болып отыр.
Шымкентте түннен бері қар тоқтамай жауып, ауа температурасы -1 градусқа төмендеген. Түнде температураның -12 градусқа дейін төмендеуі күтілуде. Қаладағы коммуналдық қызметтер қармен күресуге дайын, инертті материалдар сеуіліп, арнайы техника мен қызметкерлердің көмегімен тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жол үстіндегі қардың қалыңдығы 4 сантиметрге жеткенде тазалау жұмысы басталады. Қалада 189 арнайы техника мен 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс істеп жатыр.
Мамандар тұрғындардан қар тазалау жұмыстарына кедергі болмас үшін автокөліктерін жол жиегіне қалдырмауды сұрайды.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






