Шымкентте трансплантология саласы дамып келеді: 262 сәтті трансплантация отасы жасалды
Шымкентте трансплантология саласы дамып келеді: 262 сәтті трансплантация отасы жасалды
Шымкентте соңғы 10 жылда трансплантология саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қаладағы ауруханаларда 262 бауыр, бүйрек және жүрек трансплантациясы отасы жасалды. Дәрігерлер нейрохирургиялық, кардиологиялық, травма-ортопедиялық және қатерлі ісіктерді алып тастайтын жоғары технологиялық операцияларды сәтті жүзеге асырды. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған ауруханаларда лапароскопиялық әдіспен күрделі операциялар тіліксіз жасалып, 60-қа жуық жаңа технология енгізілді.
Бауыр мен бүйрек транспалантациясының 260 операциясы сәтті аяқталып, науқастардың өмір сүру деңгейі жақсарған. Алайда, мамандардың айтуынша, созылмалы сырқатқа шалдыққан тағы мыңнан аса адамды ажалдан арашалап қалу үшін мәйіттік донорлық туралы түсінікті дамыту қажет.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
37 жастағы Әсия Түрікпенова өт жолдарының бітелуі және бауырдағы артық майдан азап шеккен. Шетелде емделу қымбат болғандықтан, отандық медицинаға жүгінген. Қазір жергілікті дәрігерлердің көмегімен дертіне шипа тапқан. Әсия Түрікпенова отандық дәрігерлердің біліктілігіне ризашылығын білдірді.
№1 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дәурен Қабыловтың айтуынша, бауыр-бүйрек трансплантациясының дамуы басқа да күрделі операциялардың дамуына ықпал етеді. Диагностика, лаборатория және басқа да медициналық салалар қатар дамиды. Асқазанның 12 елі ішекке өтетін жерінің бітелуі, бауыр өт жолдарының тарылуы, ісікке айналуы сияқты ауруларды емдеу жергілікті ауруханаларда жүргізіледі.
Аймақта жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 22%-ға азайған. Өткен жылы арнайы орталықта алты мыңға жуық операция жасалды, оның үштен бірі тамырішілік стент орнатуға бағытталды. Екі науқасқа мәйіттік донордың ағзасы трансплантацияланды. Бұл көрсеткіштер Шымкенттегі медицина саласының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айғақтайды.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)