Құрылысшы – болашақтың іргетасын қалаушы
Қалалар аспанмен таласқан зәулім ғимараттарымен, сәулеті келіскен көпірлерімен, жайлы үйлерімен көркейіп жатса – ол құрылысшы еңбегінің жемісі. Құрылысшы – тек қабырға тұрғызушы емес, ол – арманды шындыққа айналдыратын, ел ертеңін бейнелейтін маман.Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, шынайы еңбекқорлық пен төзімділікті талап етеді. Әр кірпіш – маңдай термен өрілген сенімділік, әр сызба – ел болашағына салынған жол.
Құрылысшы мамандығын таңдау – Отанды өркендетуге қосқан нақты үлес. Себебі құрылыс – дамудың тірегі, тұрақтылықтың кепілі.
⠀
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы! Бұл – құрылысшыларға, шебер қол иелеріне деген зор алғыс пен құрмет жылы.
Келешек ұрпаққа берік негіз қаласақ, оны дәл осы құрылысшы мамандығының қадірін арттырудан бастайық!
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025
#Құрылысшы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






