ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНА СІҢІРІЛГЕН МАҢДАЙ ТЕР МЕН АДАЛ ЕҢБЕК

Темір жол – ел экономикасының күретамыры, ал осы салада еңбек етіп жүрген мамандар – оның сенімді тірегі. Осындай тәжірибелі теміржолшылардың бірі – Хосанов Нұрғали Оралбайұлы. Ол бұл салада табан аудармай 32 жыл еңбек етіп келеді.
Нұрғали Оралбайұлы 1967 жылғы 12 қарашада дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Ташкент станциясында машинист көмекшісі лауазымынан бастап, алғашқы кәсіби тәжірибесін темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуден бастаған. Кейіннен Сарыағаш станциясында бас кондуктор, пойыздар құрастырушысы, белгі беруші секілді жауапты қызметтер атқарып, осы арқылы өндірістік процестердің барлық сатысынан өтті.
Бүгінде ол тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор ретінде жұмыс істеп, темір жол арқылы жүк пен жолаушылар тасымалының сапалы әрі уақытылы орындалуына үлес қосып келеді. Көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында әріптестері арасында зор құрметке ие.
Нұрғали Хосановтың еңбек жолы – жас мамандар үшін үлгі, ал темір жол саласына сіңірген еңбегі ерекше бағалауға лайық.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






