Байланысқа арналған телефондар:
» ТҮНГІ РЕЙД БАРЫСЫНДА 50 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮНГІ РЕЙД БАРЫСЫНДА 50 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

02 Қараша 2025, Жексенбі
1 377
0

ТҮНГІ РЕЙД БАРЫСЫНДА 50 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу — мемлекет алдындағы басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Тұран ауданы аумағында ел тыныштығын сақтау және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Солардың бірі – түнгі уақытта ұйымдастырылатын рейдтік шаралар.

2 қараша 2025 жылы Тұран ауданы полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік қызметі мен аудан прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп, аудан аумағында кең ауқымды түнгі профилактикалық рейд өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу, сондай-ақ ойын-сауық орындарында заң талаптарының сақталуын бақылау.

Рейд барысында тәртіп сақшылары қоғамдық орындарды, көшелерді, парктерді, ойын-сауық мекемелерін тексеріп, азаматтардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қолданылды.

Атап айтқанда, беймезгіл уақытта көшеде заңды өкілінсіз жүрген 3 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Заңға сәйкес, ата-аналар кәмелетке толмаған баланың қараусыз жүруіне жол бергені үшін жауап береді, бұл олардың негізгі тәрбиелік міндеттерінің бірі екендігін еске салады.

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде анықталған кәмелетке толмаған 11 балаға қатысты заңды өкілдерге ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігімен хаттамалар рәсімделді. Бұл жағдайлар балалардың түнгі уақытта тексерусіз, бақылаусыз жүргенін көрсетеді.

Одан бөлек, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарына жіберілуіне рұқсат беріп, заң талаптарын өрескел бұзған 8 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (кәмелетке толмағандарға тыйым салынған жерлерге кіруге мүмкіндік жасау) бойынша айыппұл салынып, алдағы уақытта мұндай жайттарға жол бермеу туралы ескертілді.

Рейд барысында анықталған тағы бір маңызды жайт — аудан аумағында орналасқан мейрамхана және қоғамдық тамақтану орындарында қорқор (кальян) өнімін заңсыз пайдалануға қатысты 28 дерек тіркелді. Бұл фактілер бойынша материалдар жинақталып, жауапты тұлғалар басқармаға жеткізілді. Қорқорды қолдану тек ересек адамдар үшін ғана емес, жалпы қоғам денсаулығы үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Маман­дардың айтуынша, темекі түтінін жұту адам ағзасына кері әсерін тигізіп, әсіресе жасөспірімдердің өкпе, тыныс алу жолдарының ауруларына алып келуі мүмкін.

Рейд барысында полиция қызметкерлері азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Әсіресе ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндіріліп, оларды қараусыз қалдырмауға шақырылды. Әрбір ата-ана өз баласының жүріс-тұрысына, бос уақытын қалай және қайда өткізетініне жауапты екені туралы арнайы жадынамалар берілді.

Полиция өкілдері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылық көбінесе бақылаусыздық пен түнгі уақытта ересек адамның қарауынсыз жүруден басталатынын айтты. Бүгін мұндай профилактикалық шаралардың жүйелі түрде жалғасуы балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Аудан прокуратурасы да жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Жасөспірімдер өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Ал заң талаптарын орындау – әрбір азаматтың міндеті. Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік ең алдымен осыған байланысты.

Тұран ауданы Полиция басқармасы алдағы уақытта да осындай рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отыратынын мәлімдеді. Себебі балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу – барша қоғамның ортақ міндеті.

Қорытындылай келе, түнгі рейд нәтижесінде жалпы 50 әкімшілік құқықбұзушылықанықталып, құқықтық тәртіпті сақтау бағытында маңызды жұмыстар атқарылды. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әсіресе өскелең ұрпақты қорғауға бағытталған. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен қауіпсіздігі бірінші кезекте ата-аналардың бақылауында болуы қажет. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға арналған жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін атап өтті.
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать