БОЗАРЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛМЕК

Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында мемлекеттік бюджет есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде бұл аумақта жалпы 1918 пәтерді қамтитын 36 көпқабатты тұрғын үй салынуда.
Жыл соңына дейін оның 16 үйінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Ал қалған 20 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі болып белгіленген.
Жұмыс барысы тұрақты бақылауда. Мердігер компанияларға құрылыс жұмыстарының сапасын күшейтіп, бекітілген мерзімді қатаң сақтау бойынша нақты талаптар қойылды.
Бозарықтағы жаңа тұрғын үйлердің салынуы қала тұрғындарының баспанаға қолжетімділігін арттырып, шағын ауданның инфрақұрылымын одан әрі дамытуға серпін бермек.
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






