Алматыда Антифрод-орталықтың жұмысының нәтижесі мен цифрлық алаяқтыққа қарсы әрекетті талқылады
*Алматыда Антифрод-орталықтың жұмысының нәтижесі мен цифрлық алаяқтыққа қарсы әрекетті талқылады*
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық төлем корпорациясының Антифрод-орталығының жұмысы туралы Ұлттық төлем корпорациясы Антифрод-орталығының алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Айнұр Измайлова баяндама жасады.
Антифрод-орталықтың платформасы 2024 жылғы 22 шілдеде іске қосылған. Ол күмәнді транзакцияны анықтап, алдын алу үшін қаржы ұйымдары мен қылмыстық қудалау органының өзара жедел қимылдауын қамтамасыз етеді.
Орталықтың қызметі орталықтандырылған үйлестіру, технологиялық интеграция мен мемлекеттің цифрлық нарық қатысушыларымен әріптестігі қағидатына негізделген. Орталық алаяқтыққа назар аударып қана қоймай, алаяқтықтың жүйесін анықтаудың негізін де қалыптастырады. Негізгі тетік – деректер алмасу мен жалпыұлттық «қара» және «сұр» тізімдерді қалыптастыру, бұл алаяқтықтың ертерек жолын кесуге мүмкіндік береді.
2026 жылғы ақпан айына дейін Антифрод-орталықта 111 031 оқиға тіркелген, оның ішінде 90 346-сы алаяқтық әрекеттермен байланысты. Ақпараттың 52%-ы ішкі істер органдарынан, 48%-ы қаржы нарығына қатысушылардан келіп түскен. Ең кең тарағаны – жалған инвестициялар, алдап қоңырау соғу мен жалған онлайн-дүкендер екен. Бұлар алаяқтықтың 67%-ын құраған.
«2026–2028 жылдарға арналған стратегиялық даму аясында қаржылық активтермен, криптовалюталармен және маркетплейстермен жасалатын операцияларды қоса алғанда, цифрлық алаяқтықтың алдын алу мен тергеп-тексеруге бағытталған ұлттық антифрод-контурды құру көзделген», – деп атап өтті Айнұр Измайлова.
Дамудың негізгі бағыттарының қатарында Антифрод-орталық қатысушыларының өзара іс-қимылына арналған бірыңғай цифрлық портал құру, пайдаланушылардың мінез-құлқын талдауға арналған сессиялық антифродты енгізу, транзакциялық бақылауды нақты уақыт режимінде күшейту, қаржылық сауаттылық бағдарламаларын кеңейту мен мемлекеттік органдармен бірлескен ақпараттық науқандар жүргізу бар.
Антифрод-орталық реттеушілердің, қаржы секторы мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіре отырып, азаматтар мен бизнесті цифрлық алаяқтықтан қорғауға бағытталған ұлттық қаржылық қауіпсіздік инфрақұрылымының негізгі элементіне айналмақ.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық төлем корпорациясының Антифрод-орталығының жұмысы туралы Ұлттық төлем корпорациясы Антифрод-орталығының алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Айнұр Измайлова баяндама жасады.Антифрод-орталықтың платформасы 2024 жылғы 22 шілдеде іске қосылған. Ол күмәнді транзакцияны анықтап, алдын алу үшін қаржы ұйымдары мен қылмыстық қудалау органының өзара жедел қимылдауын қамтамасыз етеді.
Орталықтың қызметі орталықтандырылған үйлестіру, технологиялық интеграция мен мемлекеттің цифрлық нарық қатысушыларымен әріптестігі қағидатына негізделген. Орталық алаяқтыққа назар аударып қана қоймай, алаяқтықтың жүйесін анықтаудың негізін де қалыптастырады. Негізгі тетік – деректер алмасу мен жалпыұлттық «қара» және «сұр» тізімдерді қалыптастыру, бұл алаяқтықтың ертерек жолын кесуге мүмкіндік береді.
2026 жылғы ақпан айына дейін Антифрод-орталықта 111 031 оқиға тіркелген, оның ішінде 90 346-сы алаяқтық әрекеттермен байланысты. Ақпараттың 52%-ы ішкі істер органдарынан, 48%-ы қаржы нарығына қатысушылардан келіп түскен. Ең кең тарағаны – жалған инвестициялар, алдап қоңырау соғу мен жалған онлайн-дүкендер екен. Бұлар алаяқтықтың 67%-ын құраған.
«2026–2028 жылдарға арналған стратегиялық даму аясында қаржылық активтермен, криптовалюталармен және маркетплейстермен жасалатын операцияларды қоса алғанда, цифрлық алаяқтықтың алдын алу мен тергеп-тексеруге бағытталған ұлттық антифрод-контурды құру көзделген», – деп атап өтті Айнұр Измайлова.
Дамудың негізгі бағыттарының қатарында Антифрод-орталық қатысушыларының өзара іс-қимылына арналған бірыңғай цифрлық портал құру, пайдаланушылардың мінез-құлқын талдауға арналған сессиялық антифродты енгізу, транзакциялық бақылауды нақты уақыт режимінде күшейту, қаржылық сауаттылық бағдарламаларын кеңейту мен мемлекеттік органдармен бірлескен ақпараттық науқандар жүргізу бар.
Антифрод-орталық реттеушілердің, қаржы секторы мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіре отырып, азаматтар мен бизнесті цифрлық алаяқтықтан қорғауға бағытталған ұлттық қаржылық қауіпсіздік инфрақұрылымының негізгі элементіне айналмақ.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте жылыту маусымындағы өрт пен газ қауіпсіздігін күшейту жұмыстарының қорытындысы шығарылды
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
Жаңа Конституция – ел болашағына бастар құқықтық бағдар
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
25 Шілде 2025, Жұма
Интернет-алаяқтарға қарсы нақты қадам: егде жастағылармен тікелей жұмыс нәтижелі болуда
17 Шілде 2025, Бейсенбі
Цифрлық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының негізі: Шымкентте киберқылмыспен күрес тиімділігі талқыланды
18 Шілде 2025, Жұма
Цифрлық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі: жыл басынан бері 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелді
17 Шілде 2025, Бейсенбі
Цифрлық әлемде қорғау қабаты: Қазақстан МВД-і кибермошенниктерге қалай қарсы тұруда
Комментарии (0)


