МЕГАПОЛИСТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАҢАРУДА
МЕГАПОЛИСТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАҢАРУДА
Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатындағы инфрақұрылымдық жобалар жүйелі жүзеге асырылуда. Әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды нысанда құрылыс және жаңарту жобасы қолға алынған.
Соның бірі – Ә.Жангелдин көшесінің бойында жаңа аяқ жол салу жұмысы. Бұл жоба жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Құрылыс барысында сапа талаптары мен заманауи стандарттарға ерекше мән берілуде.
Сонымен қатар Тәуке хан даңғылының асфальтын жаңарту және қайта төсеу қолға алынған.
Бұдан бөлек, «Көктем» базары аумағында толықтай сүру жұмысы қарқынды жалғасуда. Қазіргі уақытта аумақты босату, ескі нысандарды бұзу және құрылыс қалдығын тазарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Жалпы, атқарылып жатқан барлық жұмыс тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруге және қала келбетін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған.
Алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес, қаланың басқа да көшелерін жол жөндеу, жаңа аяқ жолдар салу, автотұрақтарды ретке келтіру және абаттандыру кезең-кезеңімен жалғасады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатындағы инфрақұрылымдық жобалар жүйелі жүзеге асырылуда. Әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды нысанда құрылыс және жаңарту жобасы қолға алынған.Соның бірі – Ә.Жангелдин көшесінің бойында жаңа аяқ жол салу жұмысы. Бұл жоба жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Құрылыс барысында сапа талаптары мен заманауи стандарттарға ерекше мән берілуде.
Сонымен қатар Тәуке хан даңғылының асфальтын жаңарту және қайта төсеу қолға алынған.
Бұдан бөлек, «Көктем» базары аумағында толықтай сүру жұмысы қарқынды жалғасуда. Қазіргі уақытта аумақты босату, ескі нысандарды бұзу және құрылыс қалдығын тазарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Жалпы, атқарылып жатқан барлық жұмыс тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруге және қала келбетін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған.
Алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес, қаланың басқа да көшелерін жол жөндеу, жаңа аяқ жолдар салу, автотұрақтарды ретке келтіру және абаттандыру кезең-кезеңімен жалғасады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кәріз жүйелерін дамыту, автожолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру бағытындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Шымкенттің инженерлік инфрақұрылымы мен ТКШ саласын одан әрі дамытуға бағытталған нақты жоспарлар бар
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Шымкент қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) жүйесі қаланың инфрақұрылымдық негізін құрайды.
Комментарии (0)



