Шымкент: Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша кездесу өтті
Шымкент: Әл-Фара
би ауданы тұрғындарымен жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша кездесу өтті
Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр НарымбетовӘл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бахадыр Мәделіұлы баяндамасын Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруден бастады. Оның айтуынша, жаңа редакцияда білім мен ғылымға айрықша мән беріліп, адами капитал мемлекет дамуының басты факторы ретінде айқындалған. Сонымен қатар жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екені нақты көрсетіліп, табиғи ресурстарды қоғам игілігіне тиімді пайдалану мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.
Мәслихат төрағасының сөзінше, бұл өзгерістер демократиялық үдерістерді нығайтып, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Жиында аудан әкімі Маратбек Мықтыбеков өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 38 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылған. Аудандағы 931 көпқабатты тұрғын үй 628 аулаға біріктірілген.
Кездесу соңында мәслихат төрағасы мен аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиын ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынды.
би ауданы тұрғындарымен жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша кездесу өттіШымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр НарымбетовӘл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бахадыр Мәделіұлы баяндамасын Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруден бастады. Оның айтуынша, жаңа редакцияда білім мен ғылымға айрықша мән беріліп, адами капитал мемлекет дамуының басты факторы ретінде айқындалған. Сонымен қатар жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екені нақты көрсетіліп, табиғи ресурстарды қоғам игілігіне тиімді пайдалану мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.
Мәслихат төрағасының сөзінше, бұл өзгерістер демократиялық үдерістерді нығайтып, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Жиында аудан әкімі Маратбек Мықтыбеков өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 38 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылған. Аудандағы 931 көпқабатты тұрғын үй 628 аулаға біріктірілген.
Кездесу соңында мәслихат төрағасы мен аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиын ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынды.
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Похожие материалы:
17 Ақпан 2026, Сейсенбі
«Әлеуметтік әділеттілік қағидаты күшейді»: Шымкентте Жаңа Конституция түсіндірілді
08 Тамыз 2024, Бейсенбі
ӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ӘЛ-ФАРАБИ, ЕҢБЕКШІ АУДАНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Комментарии (0)