Түркістан–Қытай: Индустриялық және ауылшаруашылық әріптестіктің жаңа кезеңі

2025 жылдың маусым айында Түркістан облысынан Қытай Халық Республикасына ресми-іскерлік делегация сапар шекті. Аталған делегацияны облыс әкімі Нуралхан Қушеров бастап барды. Сапар барысында делегация Шаньдун провинциясының Линьи және Цзинин қалаларында бірқатар ірі кәсіпорындарды аралап, индустрия және ауылшаруашылық салаларындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Линьи қаласында облыстық делегация Shandong Huasheng Zhongtian компаниясының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын ауылшаруашылық техникаларын, электр бағандарын және көшелерге арналған күн қуатымен жұмыс істейтін LED шамдарды шығарады. Түркістан өңірінде соңғы жылдары көше жарығын жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатқаны белгілі. 2024 жылы облыста 21 мың көше шамы орнатылды, олардың 14 мыңы бюджет есебінен, қалғандары демеушілер көмегімен жүзеге асырылды. Биыл тағы 7 500-ден астам шам орнату жоспарланған. Қытайлық зауыттың технологиялары осы жобаға қажетті заманауи және үнемді шешім ұсына алады.
Делегация сонымен қатар Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd компаниясында болып, смарт-капсула үйлер мен туристік инфрақұрылымға арналған жылжымалы модульдік құрылыс технологияларымен танысты. Бұл кәсіпорынмен бірлесіп, Түркістанда “KHAN TAU” брендімен алғашқы капсула үйлердің құрастырылуы басталды. Бұл қадам туризмді дамытуда және өңірдің инфрақұрылымын жаңғыртуда маңызды бастама болмақ.
Сапардың келесі бағыты – Цзинин қаласы. Мұнда делегация Wanglin Group ауылшаруашылық холдингінің жұмысымен танысты. Компанияның негізгі бағыты – сарымсақты терең өңдеу, сақтау және экспортқа шығару. Wanglin Group жыл сайын 500 мың гектар егістіктен 8 миллион тонна өнім жинап, 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде экспорт жасайды. Бұл – озық тәжірибені көрсететін нақты мысал. Түркістан облысы да аграрлық бағыттағы әлеуетін дамытып, экспортқа бағытталған кластерлер құруды көздеп отыр. Осы сапар барысында екі жақты келіссөздер өткізіліп, инвесторларға нақты ұсыныстар жасалды.
Бұл сапарды Түркістан облысының бұрынғы Қытайға жасаған жұмыс сапарларымен салыстыра отырып, биылғы іссапардың ерекшеліктерін атап өтуге болады. 2024 жылы шілде айында облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Шэньси провинциясының Сиань және Вэйнань қалаларында жұмыс сапарымен болған еді. Ол сапар кезінде туристік жобаларға, 5 жұлдызды қонақүйлер мен аквапарк құрылысына, сондай-ақ ауыл шаруашылығын цифрландыру мен дрон өндірісі салаларына назар аударылды. Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, «бауырлас қалалар» келісімі жасалған болатын. Ол кезде көптеген жоба тек келіссөздер деңгейінде қалып қойған еді.
2023 жылы Линцин қаласына облыстық деңгейдегі аудан әкімдері мен кәсіпкерлер барды. Онда қара металлургия, құрылыс машиналары, мал шаруашылығы мен сүт өңдеу бағыттарындағы кәсіпорындармен танысқан еді. Бұл сапар да өндірістік тәжірибе алмасуға бағытталды, бірақ нақты жобаларға ұласқан жоқ.
Ал 2025 жылғы сапар – бұрынғы жылдардың тәжірибесі мен байланыстарын нақты іске айналдырудың айқын көрінісі. Осы жолы капсула үйлердің алғашқы партиясы Түркістанға жеткізіліп, құрастыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар жарықтандыру жүйелері мен сарымсақ өңдеу саласында да нақты жоспарлар құрылып жатыр.
Бұл сапардың тағы бір ерекшелігі – технология мен экологияға бағытталған жаңа көзқарас. Күн энергиясын қолдану, ақылды құрылыс жүйелері, экспорттық әлеуеті жоғары агроөнімдер – бұның бәрі өңірдің келешектегі даму бағытына сай келеді. Түркістан облысы бұрынғыдай тек ауыл шаруашылығына ғана емес, өнеркәсіп пен жоғары технологиялар саласында да жетекші өңірге айналуға бет алды.
Қорыта айтқанда, Түркістан облысының Қытайға жасаған бұл сапары – ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне бастау болған маңызды оқиға. Бұрынғы сапарларда қолға алынған келіссөздер биыл нақты жобаларға айналып, өңір экономикасына жаңа серпін беріп отыр. Индустриялық даму мен ауылшаруашылық модернизация – Түркістан үшін басты басымдыққа айналуда.
Тілші Тогжан Габидинова
2025 жылдың маусым айында Түркістан облысынан Қытай Халық Республикасына ресми-іскерлік делегация сапар шекті. Аталған делегацияны облыс әкімі Нуралхан Қушеров бастап барды. Сапар барысында делегация Шаньдун провинциясының Линьи және Цзинин қалаларында бірқатар ірі кәсіпорындарды аралап, индустрия және ауылшаруашылық салаларындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Линьи қаласында облыстық делегация Shandong Huasheng Zhongtian компаниясының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын ауылшаруашылық техникаларын, электр бағандарын және көшелерге арналған күн қуатымен жұмыс істейтін LED шамдарды шығарады. Түркістан өңірінде соңғы жылдары көше жарығын жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатқаны белгілі. 2024 жылы облыста 21 мың көше шамы орнатылды, олардың 14 мыңы бюджет есебінен, қалғандары демеушілер көмегімен жүзеге асырылды. Биыл тағы 7 500-ден астам шам орнату жоспарланған. Қытайлық зауыттың технологиялары осы жобаға қажетті заманауи және үнемді шешім ұсына алады.Делегация сонымен қатар Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd компаниясында болып, смарт-капсула үйлер мен туристік инфрақұрылымға арналған жылжымалы модульдік құрылыс технологияларымен танысты. Бұл кәсіпорынмен бірлесіп, Түркістанда “KHAN TAU” брендімен алғашқы капсула үйлердің құрастырылуы басталды. Бұл қадам туризмді дамытуда және өңірдің инфрақұрылымын жаңғыртуда маңызды бастама болмақ.
Сапардың келесі бағыты – Цзинин қаласы. Мұнда делегация Wanglin Group ауылшаруашылық холдингінің жұмысымен танысты. Компанияның негізгі бағыты – сарымсақты терең өңдеу, сақтау және экспортқа шығару. Wanglin Group жыл сайын 500 мың гектар егістіктен 8 миллион тонна өнім жинап, 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде экспорт жасайды. Бұл – озық тәжірибені көрсететін нақты мысал. Түркістан облысы да аграрлық бағыттағы әлеуетін дамытып, экспортқа бағытталған кластерлер құруды көздеп отыр. Осы сапар барысында екі жақты келіссөздер өткізіліп, инвесторларға нақты ұсыныстар жасалды.
Бұл сапарды Түркістан облысының бұрынғы Қытайға жасаған жұмыс сапарларымен салыстыра отырып, биылғы іссапардың ерекшеліктерін атап өтуге болады. 2024 жылы шілде айында облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Шэньси провинциясының Сиань және Вэйнань қалаларында жұмыс сапарымен болған еді. Ол сапар кезінде туристік жобаларға, 5 жұлдызды қонақүйлер мен аквапарк құрылысына, сондай-ақ ауыл шаруашылығын цифрландыру мен дрон өндірісі салаларына назар аударылды. Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, «бауырлас қалалар» келісімі жасалған болатын. Ол кезде көптеген жоба тек келіссөздер деңгейінде қалып қойған еді.
2023 жылы Линцин қаласына облыстық деңгейдегі аудан әкімдері мен кәсіпкерлер барды. Онда қара металлургия, құрылыс машиналары, мал шаруашылығы мен сүт өңдеу бағыттарындағы кәсіпорындармен танысқан еді. Бұл сапар да өндірістік тәжірибе алмасуға бағытталды, бірақ нақты жобаларға ұласқан жоқ.
Ал 2025 жылғы сапар – бұрынғы жылдардың тәжірибесі мен байланыстарын нақты іске айналдырудың айқын көрінісі. Осы жолы капсула үйлердің алғашқы партиясы Түркістанға жеткізіліп, құрастыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар жарықтандыру жүйелері мен сарымсақ өңдеу саласында да нақты жоспарлар құрылып жатыр.
Бұл сапардың тағы бір ерекшелігі – технология мен экологияға бағытталған жаңа көзқарас. Күн энергиясын қолдану, ақылды құрылыс жүйелері, экспорттық әлеуеті жоғары агроөнімдер – бұның бәрі өңірдің келешектегі даму бағытына сай келеді. Түркістан облысы бұрынғыдай тек ауыл шаруашылығына ғана емес, өнеркәсіп пен жоғары технологиялар саласында да жетекші өңірге айналуға бет алды.
Қорыта айтқанда, Түркістан облысының Қытайға жасаған бұл сапары – ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне бастау болған маңызды оқиға. Бұрынғы сапарларда қолға алынған келіссөздер биыл нақты жобаларға айналып, өңір экономикасына жаңа серпін беріп отыр. Индустриялық даму мен ауылшаруашылық модернизация – Түркістан үшін басты басымдыққа айналуда.
Тілші Тогжан Габидинова
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
26 Маусым 2025, Бейсенбі
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Астанада «China Railway Asia‑Europe Construction Investment Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэймен ресми кездесу өткізді.
19 Маусым 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ХУДЖАНТТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
26 Маусым 2024, Сәрсенбі
СИАНЬ САПАРЫ: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Комментарии (0)