Жасанды интеллект – мұғалімнің жаңа көмекшісі

Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінде қоғам өмірінің барлық саласына қарқынды еніп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы да осы бағыттағы стратегиялық басымдықты айқындайды. Президенттің «Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат» деген тапсырмасы білім беру саласында нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асуда.
Осы бағыттағы жұмыстардың бір көрінісі – Ораз Жандосов атындағы №30 мектеп базасында өткен қалалық тәжірибелік семинар. «Білім алушыларды жекелендіре оқытуда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы жиынға Шымкент қаласындағы түрлі пән мұғалімдері қатысты.
Бүгінде бір сыныптағы оқушылардың білімді қабылдау деңгейі әртүрлі. Бірі ақпаратты тез меңгерсе, енді бірі көрнекілік немесе қосымша әдістемелік құралдар арқылы жақсы түсінеді. Сонымен қатар инклюзивті білім беру аясында әр сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін балалар да бар. Мұндай жағдайда мұғалімге әр оқушыға жеке тәсіл қолдану оңай емес.
Мектеп директоры Жансұлу Сиқамбекованың айтуынша, ЖИ құралдары осы мәселені шешуде нақты көмекшіге айналған.
– Қазір жасанды интеллект бастауыш сынып мұғалімінен бастап, барлық пән ұстаздары үшін сенімді серіктес болып отыр. Сабақты жоспарлау кезінде әр баланың қабылдау ерекшелігіне қарай тапсырмаларды саралауға мүмкіндік бар. Біздің мектеп ұжымы соңғы екі жылда осы бағытта арнайы бағдарлама әзірлеп, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Нәтижесі жаман емес. Бүгін сол тәжірибені әріптестерімізбен бөлісуді жөн көрдік, – дейді мектеп басшысы.
Семинар Шымкент қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығы жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Іс-шара барысында қатысушылар ЖИ-дің білім беру процесіндегі рөліне қатысты пікір білдіріп, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, «ЖИ оқуға кедергі келтіреді», «ЖИ мұғалімге көмекші», «10 жылдан соң мұғалімнің орнын ЖИ басады» деген тұжырымдарға қатысты көзқарастарын ашық жеткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұркен Тоқаев жекелендіре оқытудың негізгі аспектілері туралы баяндама жасап, ЖИ құралдарын тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндірді. Оның айтуынша, дұрыс бағытталған цифрлық құралдар оқушының ынтасын арттырып, сабаққа қызығушылығын күшейтеді.
Семинар барысында мұғалімдер алты секцияға бөлініп, жиынтық бағалауда ЖИ қолдану, теория мен практиканы ұштастыру, оқу процесін дербестендіру секілді бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.
Мамандардың пікірінше, 45 минут бойы оқушы зейінін тұрақты ұстап тұру – бүгінгі мұғалім үшін үлкен сын. Осы тұрғыда жасанды интеллект сабақты түрлендіріп, оқыту үдерісін жандандыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы – оқушылар ЖИ-ді тек ойын-сауық құралы емес, білім мен тұрмыста тиімді пайдалануға болатын заманауи ресурс ретінде қабылдауы тиіс.
Еліміздің цифрлық даму стратегиясын жүзеге асыруда осындай тәжірибелік семинарлардың маңызы зор. Цифрлық саясатты табысты іске асыру, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне сауатты енгізу – бүгінгі ұстаздардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.
Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінде қоғам өмірінің барлық саласына қарқынды еніп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы да осы бағыттағы стратегиялық басымдықты айқындайды. Президенттің «Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат» деген тапсырмасы білім беру саласында нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асуда.Осы бағыттағы жұмыстардың бір көрінісі – Ораз Жандосов атындағы №30 мектеп базасында өткен қалалық тәжірибелік семинар. «Білім алушыларды жекелендіре оқытуда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы жиынға Шымкент қаласындағы түрлі пән мұғалімдері қатысты.
Бүгінде бір сыныптағы оқушылардың білімді қабылдау деңгейі әртүрлі. Бірі ақпаратты тез меңгерсе, енді бірі көрнекілік немесе қосымша әдістемелік құралдар арқылы жақсы түсінеді. Сонымен қатар инклюзивті білім беру аясында әр сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін балалар да бар. Мұндай жағдайда мұғалімге әр оқушыға жеке тәсіл қолдану оңай емес.
Мектеп директоры Жансұлу Сиқамбекованың айтуынша, ЖИ құралдары осы мәселені шешуде нақты көмекшіге айналған.
– Қазір жасанды интеллект бастауыш сынып мұғалімінен бастап, барлық пән ұстаздары үшін сенімді серіктес болып отыр. Сабақты жоспарлау кезінде әр баланың қабылдау ерекшелігіне қарай тапсырмаларды саралауға мүмкіндік бар. Біздің мектеп ұжымы соңғы екі жылда осы бағытта арнайы бағдарлама әзірлеп, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Нәтижесі жаман емес. Бүгін сол тәжірибені әріптестерімізбен бөлісуді жөн көрдік, – дейді мектеп басшысы.
Семинар Шымкент қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығы жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Іс-шара барысында қатысушылар ЖИ-дің білім беру процесіндегі рөліне қатысты пікір білдіріп, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, «ЖИ оқуға кедергі келтіреді», «ЖИ мұғалімге көмекші», «10 жылдан соң мұғалімнің орнын ЖИ басады» деген тұжырымдарға қатысты көзқарастарын ашық жеткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұркен Тоқаев жекелендіре оқытудың негізгі аспектілері туралы баяндама жасап, ЖИ құралдарын тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндірді. Оның айтуынша, дұрыс бағытталған цифрлық құралдар оқушының ынтасын арттырып, сабаққа қызығушылығын күшейтеді.
Семинар барысында мұғалімдер алты секцияға бөлініп, жиынтық бағалауда ЖИ қолдану, теория мен практиканы ұштастыру, оқу процесін дербестендіру секілді бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.
Мамандардың пікірінше, 45 минут бойы оқушы зейінін тұрақты ұстап тұру – бүгінгі мұғалім үшін үлкен сын. Осы тұрғыда жасанды интеллект сабақты түрлендіріп, оқыту үдерісін жандандыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы – оқушылар ЖИ-ді тек ойын-сауық құралы емес, білім мен тұрмыста тиімді пайдалануға болатын заманауи ресурс ретінде қабылдауы тиіс.
Еліміздің цифрлық даму стратегиясын жүзеге асыруда осындай тәжірибелік семинарлардың маңызы зор. Цифрлық саясатты табысты іске асыру, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне сауатты енгізу – бүгінгі ұстаздардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.
Обсудить
Другие статьи:
Кәсіпорын ұжымына жаңа Конституция жобасы таныстырылды
03 Наурыз 2026, Сейсенбі
Жасанды интеллект – мұғалімнің жаңа көмекшісі
03 Наурыз 2026, Сейсенбі
Жаңа Конституция — Әділетті Қазақстанның іргетасы
03 Наурыз 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қазан 2025, Сәрсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
Комментарии (0)