«Шымкент сазы» дәстүрлі өнер думаны Наурыз мерекесінде өтті

Бүгін, Шымкент қаласының «Астана» алаңында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамына арналған «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер думаны ұйымдастырылды. Салтанатты шара халқымыздың төл өнерін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасын қала тұрғындары мен қонақтарына паш етті.
Мерекелік бағдарламаның шымылдығын «Қаратау» фольклорлық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың «Арнау» күйімен ашты.
Сахна төрінде халық әндерімен қатар Ақан сері, Біржан сал, Кенен Әзірбаев сияқты ұлттық өнердің көрнекті тұлғаларының шығармалары орындалды. Дәстүрлі әншілер мен термешілер тыңдарманды терең тебіреніске бөле отырып, ұлттық өнердің өміршеңдігін көрсетті.
Күмбірлеген күй өнері шараның ерекше сәніне айналды. Құрманғазының «Байжұма», Сүгірдің «Аққуы», Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйлері орындалып, Астана алаңы ұлттық рухқа кенелді.
Қылқобыз, домбыра және басқа да фольклорлық аспаптардың үнімен шебер орындаушылар өз өнерлерін ортаға салып, аспаптық музыканың сан қырлы мүмкіндіктерін танытты.
Мерекелік думан «Қаратау» фольклорлық ансамблінің рухты «Қара жорға» күйімен салтанатты түрде қорытындыланды.
Бұл шара Шымкент қаласының мәдени тынысын айшықтап, қала тұрғындарына рухани азық беріп, Наурыз мерекесінің шырайын келтірді. Қатысушылар мерекелік думаннан ерекше әсер алып, ұлттық өнердің шынайы көрінісін тамашалады.
Бүгін, Шымкент қаласының «Астана» алаңында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамына арналған «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер думаны ұйымдастырылды. Салтанатты шара халқымыздың төл өнерін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасын қала тұрғындары мен қонақтарына паш етті.Мерекелік бағдарламаның шымылдығын «Қаратау» фольклорлық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың «Арнау» күйімен ашты.
Сахна төрінде халық әндерімен қатар Ақан сері, Біржан сал, Кенен Әзірбаев сияқты ұлттық өнердің көрнекті тұлғаларының шығармалары орындалды. Дәстүрлі әншілер мен термешілер тыңдарманды терең тебіреніске бөле отырып, ұлттық өнердің өміршеңдігін көрсетті.
Күмбірлеген күй өнері шараның ерекше сәніне айналды. Құрманғазының «Байжұма», Сүгірдің «Аққуы», Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйлері орындалып, Астана алаңы ұлттық рухқа кенелді.
Қылқобыз, домбыра және басқа да фольклорлық аспаптардың үнімен шебер орындаушылар өз өнерлерін ортаға салып, аспаптық музыканың сан қырлы мүмкіндіктерін танытты.
Мерекелік думан «Қаратау» фольклорлық ансамблінің рухты «Қара жорға» күйімен салтанатты түрде қорытындыланды.
Бұл шара Шымкент қаласының мәдени тынысын айшықтап, қала тұрғындарына рухани азық беріп, Наурыз мерекесінің шырайын келтірді. Қатысушылар мерекелік думаннан ерекше әсер алып, ұлттық өнердің шынайы көрінісін тамашалады.
Обсудить
Другие статьи:
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
16 Маусым 2026, Сейсенбі
АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 101 ЖЫЛ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
20 Наурыз 2026, Жұма
Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді
Комментарии (0)