ТӘЖІСТАННЫҢ ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ШЫМКЕНТ САХНАСЫН ӘНГЕ БӨЛЕДІ

Тәжік ұлттық киімімен мың бұрала би билеп, шығыс әуендерін әуелеткен концертте Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздары ән шырқады. Тәжіктің ұлттық аспаптары сырнай, дутар, танбур, рубаб пен дойраның сүйемелдеуімен дәстүрлі әндері орындалды. Сондай-ақ, қазақ халқының алтын қорынан «Әгугай» әніне тәжік қыздары би билеп, эстрадалық әнші Бейбіт Қорғанның репертуранындағы «Шоқ қыздар» әнін өнер жұлдыздары жандыра, әрі қосыла орындап, сахна төрін шаттыққа көмкерді.
Осылай өнер қайраткерлері әзірлеген мерекелік салтанатты кеш Шымкент жұртшылығына керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Түркістан сарайы фойесінде тәжік халқының шығармашылығы, ұлттық киімдері, тарихи фото туындылары көрмеге қойылды.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Тілші: Бахытжан Копбаев
Ақпарат көзі:Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)