Байланысқа арналған телефондар:
» » ШЫМКЕНТТЕ 20 КӨШЕГЕ АТАУ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА АТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 20 КӨШЕГЕ АТАУ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА АТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

24 Сәуір 2026, Жұма
11
0
ШЫМКЕНТТЕ 20 КӨШЕГЕ АТАУ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА АТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ономастика саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аудан әкімдіктерімен бірлесіп жүргізілген зерделеу нәтижесінде қала аумағында барлығы 4117 көше бар екендігі анықталған. Оның ішінде 2727 көше тарихи жер-су және дәстүрлі атаулармен аталған болса, 992 көше кісі есімдерімен аталады.

Есепті кезеңде Шымкент қаласында 20 құрамдас бөлікке атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттармен заңдастырылды. Аталған жұмыстар республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қала әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімі арқылы бекітілді.

Нәтижесінде атауы жоқ 9 көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілсе, 11 көшеге тарихи жер-су атаулары берілді. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи атауларды қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Сонымен қатар қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан 18 тұлғаның және Ұлы Отан соғысының 2 батырының есімдерін ұлықтау мақсатында оларды көшелерге беру мәселесі қарастырылған. Аталған ұсыныстар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында талқыланып, ономастика комиссиясының отырысында қорытындыланды.

Жалпы алғанда, қаладағы ономастика саласында жүргізілген жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, тарихи атауларды сақтау мен ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды шешімдер қабылдануда.

Толығырақ: https://youtube.com/live/9whFWZMlz4E?feature=share

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать