6) Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайды
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайды
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайғаны туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 198 мыңнан 92,4 мың адамға дейін, яғни 53%-ға төмендеген. Бұл оң нәтиже еңбекке тарту және жұмыс орындарын ашу арқылы қол жеткізілген.
Түркістан облысында еңбекке қабілетті жастардың үлесі мол екендігі атап өтілді. Осыған орай, облыс басшылығы түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуда.
Сонымен қатар, биыл облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған, қазірдің өзінде 104 635 жұмыс орны құрылды.
Жуырда Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Түркістанға келіп, шетелдерге жұмыс күштерін дайындайтын арнайы орталықтың ашылуына қатысты. Бұл орталықта Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда жұмыс істегісі келетін азаматтар оқытылып, дайындалады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
07 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан қаласында 7 мыңнан аса жұмыс орнын ашатын 192 инвецтисиялық жоба жасақталды
10 Желтоқсан 2024, Сейсенбі
Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 93 407 (2023 ж. – 89 926), оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 2 (2023 ж. – 2), тыл еңбеккерлері – 1 767 (2023 ж. – 1 950).
12 Қырқүйек 2024, Бейсенбі
ШЫМКЕНТ: АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАРДАН 330 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Комментарии (0)



