ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМДАР АДАМ ӨМІРІН САҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМДАР АДАМ ӨМІРІН САҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Шымкент қаласында енгізілген Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) жедел жәрдем көліктерінің қозғалысына басымдық беруді қамтамасыз етіп, осылайша науқастарға шұғыл көмек көрсетуге оң әсерін береді.
Қазіргі таңда 5 реанимациялық жедел жәрдем көлігі ITS жүйесімен байланыстырылған трекерлермен жабдықталған. Арнайы шақыртуға шыққан көлік жол қиылысына жақындағанда жүйе автоматты түрде бағдаршамдарды басқарып, көліктің бағыты бойынша «жасыл дәліз» қалыптастырады.
Бұл жедел жәрдем бригадаларының оқиға орнына уақтылы жетуіне мүмкіндік беріп, адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.
Бүгінде ITS жүйесі қаладағы 354 бағдаршам нысанын қамтып отыр. Жүйе көлік ағынын нақты уақыт режимінде сараптап, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласында енгізілген Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) жедел жәрдем көліктерінің қозғалысына басымдық беруді қамтамасыз етіп, осылайша науқастарға шұғыл көмек көрсетуге оң әсерін береді.Қазіргі таңда 5 реанимациялық жедел жәрдем көлігі ITS жүйесімен байланыстырылған трекерлермен жабдықталған. Арнайы шақыртуға шыққан көлік жол қиылысына жақындағанда жүйе автоматты түрде бағдаршамдарды басқарып, көліктің бағыты бойынша «жасыл дәліз» қалыптастырады.
Бұл жедел жәрдем бригадаларының оқиға орнына уақтылы жетуіне мүмкіндік беріп, адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.
Бүгінде ITS жүйесі қаладағы 354 бағдаршам нысанын қамтып отыр. Жүйе көлік ағынын нақты уақыт режимінде сараптап, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Обсудить
Другие статьи:
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
31 Тамыз 2026, Дүйсенбі
В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
30 Тамыз 2026, Жексенбі
В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
28 Тамыз 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





