Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан: Санавиация қызметі 15 жедел жәрдем көлгімен толықты

Түркістан: Санавиация қызметі 15 жедел жәрдем көлгімен толықты

08 Қантар 2025, Сәрсенбі
10
0
ТҮРКІСТАН: Санавиация қызметі 15 жедел жәрдем көлігімен толықты

  Түркістан облысында медицина саласына көрсетіліп жатқан көңіл мен қолдау арқасында санитарлық авиация және жедел медициналық көмек қызметтері айтарлықтай жақсарып келеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен медицина қызметінің сапасын арттыру үшін заманауи технологиялар енгізіліп, автопарк жаңартылды.
   Биыл облыстық санитарлық авиация қызметінің автопаркі жаңа, соңғы үлгідегі 15 көлікпен толықты. Осы көліктердің қатарында арнайы жабдықталған екі жаңа жедел жәрдем көлігі де бар. Бұл көліктердің ішінде жаңа туған сәбилерді тасымалдауға қажетті құрылғылар, атап айтқанда инкубаторлар, оттегі баллондары, дефибрилляторлар және басқа да маңызды медициналық жабдықтар орнатылған. Бұл шаралар шұғыл медициналық көмек көрсетуді және облыс орталығындағы емдеу мекемелеріне жедел көмек көрсету мүмкіндігін арттырады.
  Түркістан облысы бойынша «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК жыл басынан бері 750 мыңнан астам шақырту қабылдап, өңірдегі 2 миллионнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем станциясында жалпы 150 бригада жұмыс істейді, оның ішінде дәрігерлік бригадалар – 34, фельдшерлік бригадалар – 116. Бұл мекеме балансында 200-ге жуық автокөлік бар, және жыл басынан бері жаңа 13 автокөлік қосылды.
  Сонымен қатар, облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған тағы екі реанимобиль сатып алынды. 2025 жылға тағы 60 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған. Мұның бәрі өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып, халыққа жедел әрі тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать