Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарға жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Шымкент қаласында медициналық қызмет көрсету саласын жақсарту мақсатында жаңа санитариялық автокөліктер сатып алынды. Қалаға 22 бірлік жаңа санитариялық көлік жеткізіліп, олар қалалық станция мен жедел медициналық жәрдем қосалқы станцияларына, сондай-ақ емханалар мен ауруханаларға берілді. Бұл көліктердің көмегімен шұғыл медициналық көмек көрсететін 106 бригада халыққа қызмет көрсететін болады.
Қаладағы жедел медициналық жәрдем станциясының 4 филиалы мен 10 қосалқы станциясы бар, олардың құрамында 28 дәрігер мен 78 фельдшер жұмыс істейді. Сонымен қатар, амбулаториялық деңгейде жұмыс істейтін 58 қалалық емхана да шақыруларға қызмет көрсетеді, олардың құрамында 26 фельдшерлік бригада бар. Бұл шаралар тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға және жедел жәрдем қызметінің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
Сондай-ақ, 2025 жылға қарай қалада тағы 25 санитариялық автокөлік қосу жоспарланып отыр, бұл қала тұрғындарының санының өсуіне байланысты медициналық қызмет көрсетуді тиімді етуге мүмкіндік береді. Қала халқының саны қазіргі таңда 1 миллион 244 мыңнан асады және жыл сайын 40 мың адамға көбейіп отырады, бұл өз кезегінде медициналық қызметке сұраныстың артуына әкелуде.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы
09 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
03 Қырқүйек 2024, Сейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ САПАСЫЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН 2 ЕМХАНА МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Комментарии (0)