ҚОРҚОР ЖАРНАМАСЫНА ЖОЛ ЖОҚ
ҚОРҚОР ЖАРНАМАСЫНА ЖОЛ ЖОҚ
Шымкент қаласында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде қорқор өнімдерін заңсыз жарнамалауға жол бермеу бағытындағы жұмыстар күшейтілді.
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын және темекі өнімдерін тікелей немесе жанама жарнамалауға тыйым салынған.
Заң талабы бұқаралық ақпарат құралдарымен ғана шектелмейді және интернет-платформаларда орналастырылатын жарнамалық материалдарға да қолданылады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі парақшаларда, стористер мен бейнероликтерде қорқорды көрсету, оны тұтынуға шақыратын мәтіндер орналастыру, арнайы ұсыныстар, жеңілдіктер мен акциялар жариялау, мәзірлерде, баннерлерде және сыртқы жарнама нысандарында қорқор өнімдерін насихаттау заң талаптарына қайшы келеді.
Қорқордың суретін немесе бейнесін пайдаланып, тұтынушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған «қорқор бар», «жаңа дәмдер», «тегін қорқор», «акция», «жеңілдік» және осыған ұқсас жарияланымдар жарнаманың жанама түрі ретінде бағалануы мүмкін.
Жарнама туралы заңнаманы бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңсыз жарнама анықталған жағдайда оны таратқан тұлға жарнаманы дереу тоқтатуға міндетті.
Осыған орай қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарының иелеріне:
әлеуметтік желілердегі қорқорға қатысты жарнамалық жарияланымдарды жою;
мәзірлерден, баннерлерден және жарнамалық тақтайшалардан қорқорға қатысты ақпаратты алып тастау;
блогерлер мен өзге де тұлғалар арқылы жасырын жарнама орналастыруға жол бермеу;
интернет-парақшалардың мазмұнына тұрақты бақылау жүргізу қажет.
Қала прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп интернет-кеңістікке мониторинг жүргізуді жалғастырады.
Заң талаптарын елемеген кәсіпкерлік субъектілеріне белгіленген тәртіппен құқықтық шаралар қабылданатын болады.
Қорқор жарнамасы – кәсіпті ілгерілетудің тәсілі емес, заң бұзушылық екендігін ескертеміз.
Шымкент қаласында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде қорқор өнімдерін заңсыз жарнамалауға жол бермеу бағытындағы жұмыстар күшейтілді.«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын және темекі өнімдерін тікелей немесе жанама жарнамалауға тыйым салынған.
Заң талабы бұқаралық ақпарат құралдарымен ғана шектелмейді және интернет-платформаларда орналастырылатын жарнамалық материалдарға да қолданылады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі парақшаларда, стористер мен бейнероликтерде қорқорды көрсету, оны тұтынуға шақыратын мәтіндер орналастыру, арнайы ұсыныстар, жеңілдіктер мен акциялар жариялау, мәзірлерде, баннерлерде және сыртқы жарнама нысандарында қорқор өнімдерін насихаттау заң талаптарына қайшы келеді.
Қорқордың суретін немесе бейнесін пайдаланып, тұтынушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған «қорқор бар», «жаңа дәмдер», «тегін қорқор», «акция», «жеңілдік» және осыған ұқсас жарияланымдар жарнаманың жанама түрі ретінде бағалануы мүмкін.
Жарнама туралы заңнаманы бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңсыз жарнама анықталған жағдайда оны таратқан тұлға жарнаманы дереу тоқтатуға міндетті.
Осыған орай қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарының иелеріне:
әлеуметтік желілердегі қорқорға қатысты жарнамалық жарияланымдарды жою;
мәзірлерден, баннерлерден және жарнамалық тақтайшалардан қорқорға қатысты ақпаратты алып тастау;
блогерлер мен өзге де тұлғалар арқылы жасырын жарнама орналастыруға жол бермеу;
интернет-парақшалардың мазмұнына тұрақты бақылау жүргізу қажет.
Қала прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп интернет-кеңістікке мониторинг жүргізуді жалғастырады.
Заң талаптарын елемеген кәсіпкерлік субъектілеріне белгіленген тәртіппен құқықтық шаралар қабылданатын болады.
Қорқор жарнамасы – кәсіпті ілгерілетудің тәсілі емес, заң бұзушылық екендігін ескертеміз.
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекет басшысы: «Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды»
24 Маусым 2026, Сәрсенбі
Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
24 Маусым 2026, Сәрсенбі
РЕКЛАМЕ КАЛЬЯНА — НЕТ
24 Маусым 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
25 Қазан 2024, Жұма
Түркістан облысы. Қазақстандағы алкоголь мен темекіге қарсы шаралар азаматтардың денсаулығын қорғауға, зиянды әдеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
23 Қазан 2024, Сәрсенбі
Түркістан облысы. Алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар қоғамдық денсаулықты қорғау және өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында жүзеге асырылып келеді.
Комментарии (0)




