Байланысқа арналған телефондар:
» » 9) Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған

9) Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған

23 Қантар 2025, Бейсенбі
1 533
0
Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған

  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың 2025 жылдағы алғашқы жиыны өтті. Мәжілісте облыста жүзеге асырылып жатқан 15 жобаның жай-күйі талқыланып, олардың өзекті мәселелері қаралды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
  Нұралхан Көшеров инвестиция тарту мен өндіріс орындарын ашуды басым бағыт ретінде белгіледі. «Бүгін қаралған жобалар біз үшін өте маңызды. Әрбір инвестициялық жобаның сәтті жүзеге асуына толық қолдау көрсетемін. Инфрақұрылым, құжаттандыру және өзге мәселелерді заң шеңберінде шешеміз», – деді облыс әкімі.
  Жиында талқыланған инвестициялық жобалар қатарында:
•Сайрам ауданында бу-газ қондырғысы, мал сою бекеті және мал бордақылау алаңының құрылысы;
•Созақ ауданында газ өндіру жобалары;
•Ордабасы ауданында заманауи кірпіш зауыты мен алюминий бұйымдарын өндіру зауыты;
•Сауран ауданында инженерлік жабдықтар мен өнеркәсіптік су бекіту арматурасын шығаратын зауыттар;
•Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжайдың құрылысы;
•Сарыағаш ауданында құс фермасының кеңейтілуі.
 Сонымен қатар, өткен жылы Түркістан облысында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1 334,9 млрд. теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды, оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуді дамытуға басымдық беріледі.
  Алдағы уақытта жаңа зауыттар ашу және жұмыс орындарын көбейту жоспарлануда, бұл аймақ экономикасының дамуына тың серпін береді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать