Байланысқа арналған телефондар:
Құрылтай
» » БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

23 Тамыз 2026, Жексенбі
83
0
⁣⁣ 
Бүгінгі Құрылтай сайлауында Шымкент қаласында 371 сайлау комиссиясы жұмыс атқарды. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру талаптарға сәйкес жүргізілді.⁣⁣ 
Қалалық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев дауыс беру нәтижелерін қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.⁣⁣ ⁣⁣ 
– Еліміздің тарихында алғаш рет өткен Құрылтай сайлауында қала тұрғындары белсенділік танытты. Азаматтарға дауыс беру үшін барлық қолайлы жағдайлар  жасалды. 
Қалада 1000-ға жуық байқаушы болды. Оның ішінде, 17-і шетелдік азаматтар.
Сағат 20:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша қалада 538 145 адам дауыс берді. Бұл - сайлаушылардың 75,42 пайызы. Толық қорытынды нәтиже сәл кейінірек жарияланады.
Сайлау барысында тәртіп бұзу жағдайлары тіркелген жоқ, - деді Қайырбек Көбекұлы.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша сайлаушылар саны 793 491 адамды құрады. 2026 жылғы 15 наурыздағы референдуммен салыстырғанда сайлаушылар саны 2,6 %-ға (немесе 18 346 адамға) өсті.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать