ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 695 МЫҢНАН АСТАМ ДАУЫС БЕРУШІ БАР

Бүгінде елімізде республикалық референдумды өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген. Бұл орайда Шымкент қаласында дайындық жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда.
Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев бұл жұмыстардың барысын БАҚ өкілдеріне баяндап берді. Оның айтуынша, Шымкент қаласында 695 мыңнан астам дауыс беруші бар.
– 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда Шымкент қаласынан 369 референдум комиссиясы жұмыс атқарады. Оның ішінде, 6-ы аумақтық, 360-ы учаскелік комиссия. Қазіргі таңдағы мәлімет бойынша қалада 695 145 дауыс беруші азамат бар. Осыған байланысты біз әрбір дауыс берушіге шақыру қағаздарын таратып жатырмыз. Қазіргі уақытта барлық референдум учаскелері толығымен дайындыққа келтірілді. Мүгедектігі бар азаматтарға да қолайлы жағдайлар жасалды, – деді Қайырбек Көбекұлы.
Айта кетсек, қалада референдум өткізуге дайындық бойынша жергілікті штаб құрылып, жұмыс жүргізуде. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де тиісті мекемелермен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.
27 ақпаннан бастап азаматтарды референдумға шақыру, жалпы ақпараттандыру іс-шаралары қолға алынған. Барлық үйлер, пәтерлерге шақырулар таратылады. Одан кейін мобильді оператор желілері арқылы тұрғындарға SMS хабарландырулар жіберіледі.
«Шымкент келбеті»
Бүгінде елімізде республикалық референдумды өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген. Бұл орайда Шымкент қаласында дайындық жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда.Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев бұл жұмыстардың барысын БАҚ өкілдеріне баяндап берді. Оның айтуынша, Шымкент қаласында 695 мыңнан астам дауыс беруші бар.
– 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда Шымкент қаласынан 369 референдум комиссиясы жұмыс атқарады. Оның ішінде, 6-ы аумақтық, 360-ы учаскелік комиссия. Қазіргі таңдағы мәлімет бойынша қалада 695 145 дауыс беруші азамат бар. Осыған байланысты біз әрбір дауыс берушіге шақыру қағаздарын таратып жатырмыз. Қазіргі уақытта барлық референдум учаскелері толығымен дайындыққа келтірілді. Мүгедектігі бар азаматтарға да қолайлы жағдайлар жасалды, – деді Қайырбек Көбекұлы.
Айта кетсек, қалада референдум өткізуге дайындық бойынша жергілікті штаб құрылып, жұмыс жүргізуде. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де тиісті мекемелермен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.
27 ақпаннан бастап азаматтарды референдумға шақыру, жалпы ақпараттандыру іс-шаралары қолға алынған. Барлық үйлер, пәтерлерге шақырулар таратылады. Одан кейін мобильді оператор желілері арқылы тұрғындарға SMS хабарландырулар жіберіледі.
«Шымкент келбеті»
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға инватакси мен судоаудармашылар қызмет көрсетуде
Комментарии (0)