"QAMQOR" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІТУІНЕ 4 КҮН ҚАЛДЫ!
"Qamqor" бағдарламасына өтінім беру 25.09.2023 жылы аяқталады! Осы бағдарламада дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, НИМ ғылыми қызметкерлері, ХҚК қызметкерлері, энергетика саласы, мәдениет және спорт қызметкерлері, журналистер, мемлекеттік қалалық ұйымдардың қызметкерлері қатысу мүмкіндігі бар. Бұл бағдарлама Шымкент қаласының барлық жұмыс істейтін тұрғынына қолжетімді. Осы бағдарлама арқылы несие үміткерлер пулына қандай-бір ұпай жинау мүмкін.- Несиенің максималды сомасы 20 млн теңгені құрайды;
- Несие бойынша мөлшерлеме 5%, одан әрі 3,8% дейін төмендеу мүмкіндігі бар;
- Өтінімдерді қабылдау "otbasybank.kz" жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Олардың саны, некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы және т.б. критерилер әсер етеді. Қатысушылар пулы құрылған кезде олардың барлығы Отбасы банкіне кредит беруге жолдама алады. Төлем қабілеттілігі тексеріліп, несие беріледі. Тұрғын үйді бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да сатып алуға болады.
"Qamqor" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Қатысушының жасы өтінім берген кезде 63 жастан аспауы қажет (қоса алғанда);
- Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік болмауы;
- Соңғы 3 жыл ішінде Шымкентте тұрақты тіркеудің болуы;
- Шымкентте таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы 12 айдан кем емес.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
09 Қырқүйек 2023, Сенбі
Жекеменшік мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі талқыланды
Комментарии (0)





