Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті
2026 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті.«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдық пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Еліміздің әр өңірінен келген командалар заңға құрмет пен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді.
Ойын қорытындысы бойынша:
- **І орын** — «Шум болалар» (Өзбекстан) — 1 000 000 теңге.
- **ІІ орын** — «Ақпен бірге» (Астана) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
- **ІІІ орын** — «Шапалақ» (Талдықорған) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
Тегін ұйымдастырылған ойын жастардың шығармашылық әлеуетін қолдап, құқықтық сауаттылық пен заңға құрметті арттыруға үлес қосты.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттегі цемент зауытына тексеру: ауа тазалығы мәселесі шешімін таба ма?
12 Қазан 2026, Дүйсенбі
Шымкентте жаңа эстакада ашылды: қала тыныс алды
12 Қазан 2026, Дүйсенбі
Нұртас шағынаудандында жаңа саябақ: халық бастамасы нәтиже берді
12 Қазан 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






