Шымкентте «Жайдарман» ойындарының жартылай финалы өтті
Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 8 қазан күні басталған «Жайдарман» лигасының жартылай финал ойыны өтті. Жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, жастар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында бастау алған ойында, «Жайдарман» лигасының 1\4 ширек финалынынан өткен 8 команда ойын көрсетті.
Әділ қазылар қатарында Нысана театрының актері, ардагер жайдарманшы Абай Аязбаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхаиров, «Миллион» командасының мүшесі, «Жайдарман» ойындарының 2021 жылғы чемпионы Мансар Орынхан, әнші Әбдіжаппар Әлқожа мен 2021 жылғы жайдарман ойынының жоғары лига чемпионы, «Жездуха» жобасының актері Мақсат Бөбей төрелік етті.
Қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынан құрылған ойында әділ-қазылар алқасының шешімімен 5 команда финалға жолдама алды.
Қаладағы жастар мен олардың хоббиіне билік осылайша қолдау көрсетеді. Бізді өз қойылымдарымен және дайындаған сахналық көріністерімен қуантып жатқан көптеген бастамашыл жастарды көргенімізге өте қуаныштымыз.
Көбірек іс-шаралар жастардың өмірдің әртүрлі салаларында өзін табуға көмектесіп, қаладағы туризмді ілгерілетуге ықпал етеді. - Шер-Әли Шерімбетов international.kz сайтының редакторы
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






