АРАЛДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
*АРАЛДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ*
Арал ауданында шығармашыл әрі креативті жастардың басын қосқан жайдарман ойындарының финалдық кезеңі өтті. Аталған шараны «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Ауыл жастары» жастар қанаты мен «Арал-АС» шығармашылық тобы ұйымдастырды.
Көңілді тапқырлар додасына ауданның белсенді жастары қатысып, өз өнерлері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Финалдық кезең барысында командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы көтеріп, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» тақырыптары аясында мазмұнды қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар, жастар ел бірлігі, қоғамдық жауапкершілік және адалдық құндылықтарын насихаттады.
Шара аясында ауданның белсенді жастары мен команда жетекшілері «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егізбаев Серік Рахметоллаұлы және «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұстафа Садық Шоңмұрынұлы атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттар, дипломдар және кубоктар табысталып, үздік құрамалар алдағы облыстық жайдарман чемпионатына жолдама алды.
Аталған шара жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Арал ауданында шығармашыл әрі креативті жастардың басын қосқан жайдарман ойындарының финалдық кезеңі өтті. Аталған шараны «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Ауыл жастары» жастар қанаты мен «Арал-АС» шығармашылық тобы ұйымдастырды.Көңілді тапқырлар додасына ауданның белсенді жастары қатысып, өз өнерлері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Финалдық кезең барысында командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы көтеріп, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» тақырыптары аясында мазмұнды қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар, жастар ел бірлігі, қоғамдық жауапкершілік және адалдық құндылықтарын насихаттады.
Шара аясында ауданның белсенді жастары мен команда жетекшілері «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егізбаев Серік Рахметоллаұлы және «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұстафа Садық Шоңмұрынұлы атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттар, дипломдар және кубоктар табысталып, үздік құрамалар алдағы облыстық жайдарман чемпионатына жолдама алды.
Аталған шара жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Обсудить
Другие статьи:
Молодежь выбирает закон и порядок: масштабный слёт «Жас сақшы» и волонтёров прошел в Шымкенте
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Жастар заң мен тәртіп жолында: Шымкентте ауқымды жастар слеті өтті
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
АРАЛДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
25 Мамыр 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






