ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі жүйесі саналады.
Орталықтың басты міндеті – қаладағы ахуалға ұдайы мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезінде билік органдарының іс-әрекетін үйлестіру, ықтимал қатер мен орын алған апаттар (жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар, лаңкестік актілер) туралы ақпараттарды талдау.
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимылға баса көңіл бөлінеді. Бұл жұмыспен тәулік бойы мониторинг жүргізетін арнайы бөлімше шұғылданады.
Ал күнделікті өмірде кешен дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарын әзірлеу, оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізу, халықты құлақтандыруға, апаттардың салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту ісімен айналысады.
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
14 Қазан 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасының аясында бірнеше бағыттар бойынша шаралар қабылданып, Қазақстанның қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы — Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған ауқымды мемлекеттік бастама.
Комментарии (0)





