Байланысқа арналған телефондар:
» » СЕССИЯДА ҚАЛАНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

СЕССИЯДА ҚАЛАНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

12 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
1 627
0
Мәслихаттың он бірінші сессиясының күн тәртібінде қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы қаралып, 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. 
 Үш бағыт, 17 мақсат, 104 индикатор қамтылған Даму жоспарындағы осыған дейін 41 индикаторға қол жеткізілді. «Аймақ экономикасының өсімі» бағытында жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 880 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы көлемін 48,7 млрд теңгеге, инвестицияны 722 млрд теңгеге, экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін 10%-ға жеткізу көзделіп отыр.  Сондай-ақ ауыз сумен қамту 99%-ға, жақсы және қанағанаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2%-ға жеткізіледі, жыл соңына дейін 1 073 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Биыл қалада үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілді, ал емханалардың жүктемесі 23%-ға дейін төмендейді. 
 Қаланың 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісті заңнамаларға сәйкес қалыптастырылды. Жалпы, келесі жылғы бюджет көлемі 654 млрд теңгені құрайды. Өзіндік кірістер жоспары 63 млрд теңгеге артып отыр. Бұл қаланың қаржылық дербестігін 53 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жалпы бюджеттің  368 млрд теңгесі, яғни 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталуда. 
 «Бүгінгі сессияда қаланың даму бағыттарын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданды. 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті бекіттік. Оның әрбір тиыны тұрғындардың игілігіне бағытталып отыр. Халықтың жағдайын жақсарту жолындағы еңбектеріңізге алғысымды білдіремін», – деді қала әкімі. 
 Басым бағыттарға тоқталсақ, жол саласына бөлінген қаржы көлемі едәуір ұлғайды. Қаладағы топырақ жолдар мәселесін шешу, көлік кептел істерін азайту мақсатында бағдаршамдарды заманауи интеллектуалды жүйеге қосу жоспарлануда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 500 бейнебақылау камерасы орнатылып, 1 000-нан аса көше жарықтандырылады. Мегаполисті «Жасыл қалаға» айналдыру мақсатында суару жүйелері ретке келтіріліп, негізгі көшелер абаттандырылады. 

Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать