Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығымен бірге “Бозарық-3” шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығымен бірге “Бозарық-3” шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бұл шара шамамен 700 тұрғын үйдің табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді. Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, шағынауданды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті.
“Тұрғын алабын газдандыру – Шымкент қаласы халқын табиғи газбен қамтамасыз ету туралы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болатын. Бұдан бөлек желтоқсан айында мұнда ауызсу мен электр энергиясымен қамту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді Ғ. Сыздықбеков. Айта кетейік, биыл күзде “Қайнарбұлақ-1”, “Қаратөбе” және “Бозарық-2” тұрғын алаптарының тұрғындары да табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін “Қайнарбұлақ-2”, “Қайтпас-1”, “Ынтымақ”, “Тассай” және “Еламан” шағынаудандарына да газ жеткізіледі.
Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында Еңбекші ауданындағы Тіленшин және Момынов көшелерінде салынып жатқан теміржол өткелінің құрылысымен танысты.
Аталған нысандар теміржолды қауіпсіз кесіп өтуге және көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бағамдаған қала әкімі мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Абай ауданында «Алаш» базарын жаңғырту жұмысының барысын да тексерді. Бұл базарды жаңғыртудағы негізгі мақсат – сатып алушылар мен сатушылар үшін қолайлы жағдай жасау, сауда нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шаһар басшысы базар басшылығымен және кәсіпкерлермен кездесуде ашық, адал жұмыс істеу мен салықтарды уақытылы төлеудің маңыздылығын атап өтті.
Бұдан бөлек, Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданында көгалдандыру, абаттандыру және көшелерді күтіп ұстау жұмыстарын бақылады. Сондай-ақ Әйтеке би, А.Иманов, Ә.Жангелдин, Түркістан көшелері, Қонаев даңғылы, Ш.Қалдаяқов атындағы саябақ пен Әл-Фараби алаңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Барлық жұмыстармен танысқан қала басшысы тиісті басқарма мен аудан әкімдеріне көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды күтіп ұстау бойынша нақты тапсырма берді. Ол қала жылдың кез-келген мезгілінде таза болуға тиіс екендігін міндеттеді.
Тұран шағынауданында салынып жатқан кәріз коллекторының құрылысымен танысып, 120 мың абонентті орталық кәріз жүйесіне қосу үшін дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар, Абай ауданындағы Достық шағынауданында автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралап, автодром салу үшін жер телімін бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Жиделі шағынауданында жаңа гүлзардың ашылу салтанатына қатысып, қоғамдық орынның абаттандырылуы үшін орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарықшамдар орнатылғанын, көгалдандыру жұмыстарында 300 қарағаш пен қарағай көшеттері отырғызылғанын мәлімдеді. Әкім сондай-ақ жаңа әуежай терминалында болды, нысанның пайдалануға берілуге дайындық деңгейін тексерді. Жұмыс барысында қала дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды, ал әкімдік алдағы уақытта абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады.
Аудандағы тұрғындарды ауыз сумен қамту деңгейі қазіргі таңда 98%-ды құрайды. Дегенмен, Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумақтарында сумен қамтамасыз ету жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етеді. 2023 жылы аталған елді мекендерде су жүйелерінің құрылысы басталып, жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 100%-ға дейін жеткізілмек. Электр жарығымен қамту деңгейі 98%-ды құрайды. Қазіргі уақытта Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аймақтарын электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалардың аяқталуымен электр жарығымен қамту көрсеткіші де 100%-ға жетеді деп күтілуде.
Ауданда қазіргі уақытта электр желілеріне қосу, яғни абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының жаңақұрылыс аумақтарына да электр желілері тартылуда. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, Қаратау ауданындағы электрмен қамту көрсеткіші 100%-ға жетіп, барлық тұрғындар үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Рахымберді Жанысбекұлының айтуынша, табиғи газбен қамту мәселесі де аудан үшін өзекті болып тұр. Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрайды. Алайда, Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе және Мирас сияқты елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарында газ желілері әлі де тартылуды қажет етеді. Осы бағытта Тассай және Бозарықтағы газ құбырларын тарту жұмыстары 2024 жылдың IV тоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша табиғи газбен қамту деңгейі 98%-ға дейін көтеріледі. Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын газбен қамтамасыз ету 2025 жылға дейінгі жоспарға енгізілген. Бұл шаралар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
14 Желтоқсан 2024, Сенбі
Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.
09 Қантар 2024, Сейсенбі
БОЗАРЫҚТЫҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Комментарии (0)