БРЮССЕЛЬДЕГІ ӘЙГІЛІ РАТУШАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ!

Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Брюссель қаласының жүрегінде, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, XIV ғасырда салынған ең көрікті әрі тарихи сәулет туындысы — әйгілі Гран-Плас алаңындағы қалалық ратушада қазақ өнерінің мәртебесін асқақтатқан мәдени шара ұйымдастырылды. Еуропаның төрінде өткен бұл тарихи кешке Еуропа халқы мен шетелдегі отандастарымыз қатысты.
Еуропалық қауымдастық назарына ұсынылған ауқымды фестивальде қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетінің қайталанбас үлгілері паш етілді. Аталмыш салтанатты кеште көрермендерге ұлттық рухты асқақтатқан «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары ерекше бағдарлама ұсынды. Кеш шырайын кіргізген ұжымдар мен өнер иелері:
• «Қаған» этнофольклорлық ансамблі — қазақтың көне үні мен заманауи сарынын үйлестіріп, жүректерді тебірентті;
• «Яссы» би ансамблі — ұлттық бидің мың бұралған кереметін көрсетіп, еуропалық көрермендердің ыстық ықыласына бөленді;
• Талантты солистер Айнұр Назарбекова мен Астана Қарғабай өздерінің әсерлі дауыстарымен ән шырқап, кештің көркін қыздырды.
Бұл ауқымды мәдени шара қазақ өнерінің шекара талғамайтынын, бауырластық пен бейбітшіліктің символы — «Шаңырақ» идеясының әлем кеңістігінде асқақтап тұрғанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Еуропа жұртшылығы қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысып, ұлттық өнерімізге тәнті болды. Брюссельде өткен бұл дүбірлі дода ел Тәуелсіздігінің маңызын айшықтап, халықаралық мәдени байланыстарды нығайту жолындағы тарихи маңызы зор тегеурінді қадам болды!
Обсудить
Другие статьи:
AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ ӨҢІР ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ФОРСАЙТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
16 Қараша 2026, Дүйсенбі
БРЮССЕЛЬДЕГІ ӘЙГІЛІ РАТУШАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ!
16 Қараша 2026, Дүйсенбі
Шымкент бьет рекорды: как решается проблема переполненных школ?
16 Қараша 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






