ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚПЕН КҮРЕС
9.11.2023 күні қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында құқықбұзушылықтарды алдын алу және осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жиында қала аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен күрес шаралары пысықталды.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Өркен Сейітов 9 айда орын алған құқықбұзушылықтар мен жол-көлік оқиғалары мен әкімшілік айыппұлдарды өндірудің жай-күйі туралы баяндады.
Соңғы 9 айда қаламызда қылмыстық құқықбұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға азайғаны байқалады. Онша ауыр емес қылмыстар 38%, ауырлығы орташа қылмыстар 29,5 %, ауыр қылмыстар 42,6% төмендеген.
Басқосуда құқық қорғау органы өкілдері келеңсіздіктер жиі орын алатын орындар мен уақыттарды, жасалу себептерін талдап, тиісті ұсыныстарын жеткізді. Құқықбұзушылықтар көбінесе жұма, сенбі, жексенбі күндері кешкі мезгілде тамақтану, ойын-сауық орындарында тіркеледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін 164 ойын-сауық орны анықталған. Осыны ескерген полиция өкілдері жергілікті деңгейде ойын-сауық мекемелерінің уақытын айқындауды ұсынып отыр.
Қала әкімі мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін құқықбұзушылықпен күресте күш біріктіріп, қылмыстың жолын кесуде кешенді шараларды тиімді пайдалануға шақырды.
«Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында тамақтану орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақытын шектеуді заң шеңберінде қарастыратын боламыз. Бұл ретте Астана қаласының тәжірибесін енгізу де тиімді деп ойлаймын. Қатаң тәртіп болған жағдайда ғана заңсыздықтарды жоямыз. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтуда жол ережелерін ескермейтін көлік жүргізушілерімен де жұмысты күшейту қажет. Қылмысқа жол беретін барлық жағдайларға тосқауыл қойып, тиісті шараларды күшейтуде бірлесе жұмыс істеуге шақырамын», - деді қала әкімі.
Кеңейтілген отырыста құқықбұзушылықтардың жолын кесетін тиімді ұсыныстар талқыланып, алдағы жоспарлар бекітілді.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы 9 айда қаламызда қылмыстық құқықбұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға азайғаны байқалады. Онша ауыр емес қылмыстар 38%, ауырлығы орташа қылмыстар 29,5 %, ауыр қылмыстар 42,6% төмендеген.





Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

09 Қырқүйек 2023, Сенбі
Жекеменшік мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі талқыланды

06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
Бұдан былай жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар ақшаға қарық болып қаладыма?
Комментарии (0)