Алматы әкімі жанындағы Жастар кеңесі жұмысын бастады

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай қала әкімінің жанындағы Жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында жұмыстың басым бағыттары, жастар бастамаларын қолдау және жас алматылықтардың қалалық мәселелерді шешуге қатысуы талқыланды.
Кездесуге Кеңес мүшелері мен сарапшылар, сондай-ақ Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Мирас Нысанәлиев қатысты.
Кеңестің басты міндеті – жастар мен қала билігі арасында тікелей байланыс орнату. Бұл жас буын өкілдерінің ұсынысын қалалық бастамаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде ескеруге мүмкіндік береді.
«Алматы әкімі Дархан Сатыбалды үшін қалалық шешімдер қабылдау кезінде жастардың пікірі ескерілуі маңызды. Кеңестің міндеті – түрлі салада жүрген жас алматылықтармен тікелей байланыс орнатып, оларды толғандыратын мәселелерді қалалық деңгейде талқылауға шығару. Осы талқылаулардың қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды жүзеге асыру жолдарын тиісті басқармалармен бірлесіп қарастыруымыз керек», – деді Мирас Нысанәлиев.
Отырыс барысында жас ұрпақтың қала дамуына қосар үлесі мен ел болашағындағы рөлі де қозғалды.
Кеңес мүшесі Мейіржан Келемеденов жастар алдында тұрған мәселелерді шешуде нақты іске бағытталған тәсілдің маңызына тоқталды.
«Біз осы мәселелерді Кеңес аясында талқылап, жастармен бірге шешу жолдарын іздегіміз келеді. Ұсыныс әзірлеген кезде оның кімге пайдасы тиетінін және Алматыда оны қалай жүзеге асыруға болатынын түсіну маңызды», – деді ол.
Алдағы уақытта Кеңес мүшелері сарапшылармен және тиісті басқармалармен бірлесіп, жас алматылықтардың бастамасы негізінде нақты ұсыныстар әзірлейді.
Обсудить
Другие статьи:
Алматы тұрғындары «Менің таңдауым» фотоаймақтарында дауыс беру күнін естелікке түсіруде
29 Қараша 2026, Жексенбі
Алматинцы запечатлевают день голосования на фотозонах «Менің таңдауым»
29 Қараша 2026, Жексенбі
Таңғы тосынсый: Алматыда алғашқы сайлаушыларға сыйлық берілді
29 Қараша 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
25 Қараша 2026, Сәрсенбі
Тәуелсіздікке 35 жыл: Алматыда жоғары оқу орындарының басшылары Қазақстанның жетістіктері мен болашағын талқылады
12 Қараша 2026, Бейсенбі
Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар төрағаларымен өтетін кездесудің
18 Қантар 2025, Сенбі
1) Шымкент қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
18 Қантар 2025, Сенбі
1) Шымкент қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Комментарии (0)


