1) Шымкент қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Шымкент қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыста Шымкент қаласы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Нұржан Әбдезов өткен жылғы жұмыстарды қорытындылап, Кеңестің биылғы жоспарларын талқылады. Сараптамалық кеңес консультативтік-талдамалық функциялары бар, қоғамдық бастамалар негізінде жұмыс істейтін кеңесші орган ретінде қалыптастырылған.
Кеңес төрағасы Нұржан Әбдезовтің айтуынша, Кеңестің негізгі мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық бірлестіктер және халықпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеу. Кеңестің құрамына 50 пайыз жаңартылып, 13 адам бекітілді. Олардың көпшілігі ҮЕҰ өкілдері. Алғашқы отырыста Кеңестің биылғы жоспарлары мен жұмыс алгоритмі, сондай-ақ, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Жылдық жоспарға сәйкес, Кеңестің талдамалық-зерттеу жұмыстарын жүргізуі, өзекті мәселелер бойынша тақырыптарды айқындауы жоспарланған. Отырыста кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылып, жұмыс жоспарлары бекітілді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






