Байланысқа арналған телефондар:
» » Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті

17 Қантар 2025, Жұма
1 517
0
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтіп, маңызды мәселелер талқыланды. Жиында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Кеңестің биылғы жоспарларын айқындап берді.

Сараптамалық кеңес консультативтік-талдамалық функциялары бар, қоғамдық бастамалар негізінде әрекет ететін кеңесші орган болып табылады. Кеңес төрағасы Нұржан Әбдезовтің айтуынша, Кеңестің негізгі мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қоғамдық бірлестіктер және халықпен тығыз жұмыс істеу.

Қазіргі уақытта 50 пайызы жаңарған Кеңестің құрамында 13 адам бар, олардың басым бөлігі ҮЕҰ өкілдері. Осы өкілдердің қатысуымен өткен алғашқы отырыста Сараптамалық кеңестің биылғы жоспарлары таныстырылып, жұмыс алгоритмі бекітілді. Кеңес қызметінің басым бағыттары айқындалып, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың сақталуы мен құрметтелуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жылдық жоспарға сәйкес, өзекті мәселелер бойынша талдамалық-зерттеу жұмыстарын жүргізу күн тәртібінде тұр. Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, жұмыс жоспарлары бекітілді. Сондай-ақ, кеңестің алдағы уақытта қоғамдық ұйымдармен және азаматтық қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеуі, түрлі салалардағы адам құқықтары мәселелерін шешуге бағытталған нақты әрекеттер атқарылатыны атап өтілді.

Сараптамалық кеңес өкілдері ұсынған жоспарлар бойынша, биылғы жылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында маңызды жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Кеңес мүшелері тарапынан ұсынылған тақырыптар мен талдамалық есептер негізінде жыл соңына дейін нақты нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать