АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шәкір Асылханұлы 1971 жылы дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар» академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Алматы қалалық ішкі істер органдарында, Алматы қалалық Әділет басқармасының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, бас маман, бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша Әділет басқармасы және Алматы қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары, Тіркеу қызмет комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының директоры, Алматы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Осыған дейін Шәкір Асылханұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарған.
Қала әкімі мемлекеттік қызметте, халықпен жұмыс жүргізуде тәжірибе жинақтаған Шәкір Асылханұлына сәттілік тілеп, аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауда біліктілігі жететініне сенім білдірді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:

10 Маусым 2024, Дүйсенбі
ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20 Қараша 2023, Дүйсенбі
ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Комментарии (0)