ГАЗ ТҰТЫНУ ҚАУІПСІЗДІГІ
ГАЗ ТҰТЫНУ ҚАУІПСІЗДІГІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН 76 ТҰЛҒА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛҒАН
Шымкентте жыл басынан бері газ тұтыну қауіпсіздігі жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 76 жеке тұлғаға айыппұл салынған.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.
Сондай-ақ брифинг барысында жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы, газ тұтынудың қауіпсіздігі мен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұровтың мәлімдеуінше, газ тұтыну қауіпсіздігі бойынша тұрғындарға үгіт-насихат жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
–Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ-техникалық инспекция бөлімінің қызметеркелері, аудан әкімдіктері мен аудандық төтенше жағдайлар басқармалары Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» еріктілерімен бірге тұрақты түрде қала тұрғандарына газға қатысты қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп отырады. Біз, әсіресе, үйішілік газ жабдығына
техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шартқа тұру және тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударамыз. Осы уақытқа дейін 43 кездесу ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнероликтер таратылуда. Жыл басынан бері 27 300 дана жадынама таратылды. Прокуратура органдарымен бірлесіп іс-шара жоспары түзіліп, жұмысшы топ құрылған. Үйішілік қызмет көрсету мемекемелерімен келісімшарт жасасу міндеттемелерін орындауы бойынша рейдтік іс-шаралар да ұйымдастырылуда, – деді М. Әбдінұров.
Сондай-ақ, «КазТрансГазАймақ» АҚ-нің фронт офисіне келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы әзірленген бейнеролик таратылады. Газ бақылаушылар арқылы қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйме үй тарату жұмыстары жүйеге қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, қала тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, техникалық қызмет көрсетуші мекемелер бойынша мәлімет алуға, олардың жұмыстарына қатысты сын-ескертпелерді қалдыруға болады.
«Шымкент келбеті»
Ақпарат көзі: @akimat_shymkent @shymkent_tjd @akimat_goroda_shymken
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)