Түркістанда алғашқы жайлы мектепті пайдалануға берілді
Түркістанда алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында Түркістан қаласында 2000 орынға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл білім ұясы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынған және ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.
Жаңа мектеп төрт қабатты, заманауи жабдықтармен толыққан. Мектепте физика, химия, биология және робототехника кабинеттері, спортзалдар, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары бар. Оқушылар үшін жоғары жылдамдықтағы интернет, жекелеген оқу блоктары мен санитарлық тораптар да қамтамасыз етілген. Балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес әр сынып жеке ұйымдастырылған. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін арнайы инклюзивті кабинеттер мен пандустар, бейімделген әжетханалар салынған.
Дархан Сатыбалды, облыс әкімі, мектептің ашылу салтанатында, білім ұясының тек жаңа ғимарат емес, білім мен даму үшін жоғары сапалы жағдайлар жасалған орын екенін атап өтті. Ол білімді ұрпақтың ел болашағы екенін және олардың қоғамда өз орындарын табуға тілектестік білдірді. Мектептің ашылуы қаладағы №28 мектеп-лицейінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мұнда 66 педагог ауысу тәртібімен жұмысқа қабылданып, 7 педагог конкурстық негізде қабылданды.
Жалпы, Түркістан облысында биыл 17 800 орынға арналған 29 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жоба өңірдің білім жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосатын болады.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
07 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 12 БІЛІМ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Комментарии (0)