ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЖИЫН-ТЕРІМ ЖӘНЕ ЖЫЛУ МАУСЫМДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шымкент аумағында бүгінде ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 56,6 мың га құрайды. Биыл егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, әртараптандырудың нәтижесінде дәнді-дақылдар - 11,4 мың га, майлы дақылдар - 3,6 мың га, мал азықтық дақылдар - 8,9 мың га, картоп - 0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары - 3,1 мың га алқапқа егілді. Егістіктен 87,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде. Күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін дихандарға 44,3 тонна жанар-жағармай жеңілдетелген бағамен - 245 теңгеден босатылады. Бүгінде қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4%-ы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.
№1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде 19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады.
Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.
Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, егістіктердегі шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіріп, дайындықтарды күшейтуді ескертті.
Жалпы, қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысы, күзгі жиын-терімге қатысты шаралардың барлығы да М.Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бұл ретте апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Тілші: Бахытжан Копбаев
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
22 Қазан 2023, Жексенбі
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
01 Қазан 2023, Жексенбі
ҚАЛА ӘКІМІ ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН БІРГЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРДІ
04 Қырқүйек 2023, Дүйсенбі
Тұран ауданы: 310 көпқабатты үйде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді
Комментарии (0)




