ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Роуд-шоуға түрлі туристік және әуе компаниялардың 40-тан астам өкілі қатысты. Қатысушыларға Шымкенттің көрікті жерлерінің табиғи пейзаждары мен бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық тағамдардың гастрономиялық дәмін тату және «Шымкент шайы» ұсынылды.
Жақында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енген болатын. Бұл екі ел азаматтары үшін жеке істер, туризм, ем қабылдау, халықаралық тасымалдар, транзиттік және іскерлік мақсаттар бойынша шекара асатын жағдайда визалық талаптардан босатылып, туристік қатынастарда үлкен потенциал бермек.
Бүгінде 6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкентке 215 098 турист келген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңнан асыру жоспарлануда. Соның ішінде сырттан келуші турист санын арттыруға аса мән беріліп отыр.
Айта кетейік, іс-сапар барысында туризм саласы өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.
Туризмді дамыту тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтік мәдени дамудың негізгі аспектісі болып табылады. Тартымды туристік бағыттар мен инфрақұрылым жаңа жұмыс орындарын ашуға, кірісті арттыруға және жергілікті экономиканы жақсартуға көмектеседі. Мәдени шараларды, фестивальдарды және спорттық шараларды ұйымдастыру туристердің назарын аударады. Қонақ үйлер, мейрамханалар желісін және көлік инфрақұрылымын дамыту саяхатшылардың өмір сүру жағдайлары мен жайлылығын жақсартады. Тұрақты туризм, табиғатты және мәдени мұраны сақтау стратегиялары аймақтың бірегейлігін сақтауға ықпал етеді. Заманауи туризмді дамытуда жергілікті қауымдастықпен ынтымақтастық пен технологияны енгізу де маңызды рөл атқарады.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
№826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" жарлық
28 ноябрь 2023, Вторник
ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРИЯНЫҢ АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҮЙІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ УӘДЕ БЕРДІ
27 ноябрь 2023, Понедельник
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
24 ноябрь 2023, Пятница
Похожие материалы:

08 ноябрь 2023, Среда
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ТАРАПЫНАН ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

08 ноябрь 2023, Среда
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ТАРАПЫНАН ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

07 ноябрь 2023, Вторник
Шымкент қаласы шет мемлекеттердің 13 қаласымен бауырластық байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда

07 ноябрь 2023, Вторник
Шымкент қаласының бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік орталыққа айналуына барлық мүмкіндігі бар
Комментарии (0)