ХАБАРЛАНДЫРУ!
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!20-22 сәуір күндері Қонаев даңғылының Желтоқсан мен Түркістан көшесі аралығында бір бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Осы аралықта қиыршық-тасты мастикалық асфальт қабатын салу жоспарланып отыр.
Көлік кептелісін болдырмау мақсатында қала тұрғындарына бағытын алдын-ала жоспарлап, Дулати және Қазыбек би көшелері секілді балама жолмен жүруді сұранамыз.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қонаев даңғылы жөндеуден өтіп жатыр. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу барысында ірі түйіршікті асфальттан кейін беткі қабатқа қиыршық тасты-мастикалық асфальт салу қарастырылған. Жалпы Қонаев көшесін толығымен аяқтау мамыр айының бірінші он күндігіне дейін жоспарланған.
Келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






