ШЫМКЕНТ: 265 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

«Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген бағдарлама аясында 7 жоба жүзеге асырылуда. Тәрбие бағытындағы «Ұрпаққа аманат», «Ұлттық мектеп лигасы», «Төрт тоқсан – төрт өнер», «Тоғыз ай, тоғыз іс-шара», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар мектеп» атты жобалар өз нәтижелерін беруде»,- деді спикер.
Басқармаға қарасты білім беру мекемелерінде 159 спорт зал, 154 спорттық алаң оның ішіндегі 105 қазіргі заманауи алаңшаларында бір күнде 11550 оқушы спортпен айналысуда.
Дене шынықтыру пәнінің 1600-ден астам мұғалімінің жұмылдырылуымен қосымша үйірме жұмыс есебінде волейбол, баскетбол, футбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, таеквандо, каратэ-до, қазақша күрес, асық ату, бес асық, футзал, жеңіл атлетика гимнастика және т.б. спорт түрлері бойынша үйірме жұмыстары жүргізіледі.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 265 білім беру мекемесінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылды. Білім беру ұйымдарында отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала және мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ата-аналармен бірлескен 2869 іс-шара өткізілді.
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру қолға алынған. Атап айтқанда, «Жеке қауіпсіздік», «Буллингке қарсы тұру мәдениеті» іс-шаралары атқарылуда. Білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың 85%-ы кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, оның ішінде жәбірлеудің (буллингтің) және суицидтің алдын алу бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Жалпы, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында білім беру мекемелеріндегі 210 301 оқушы шығармашылық, спорттық үйірмелермен, қамтылуда.
Құрметті БАҚ өкілдері, бүгінгі өткен баспасөз конференциясының толық нұсқасын Шымкент қаласы әкімдігі Ақпараттық-коммуникациялар орталығының ютуб парақшасынан https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)