Білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы

Спикердің айтуынша 1600-ден астам дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмылдырылуымен қосымша үйірме жұмысы есебінде волейбол, баскетбол, футбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, таеквандо, каратэ-до, қазақша күрес, асық ату, бес асық, футзал, жеңіл атлетика гимнастика және т.б. спорт түрлері бойынша үйірме жұмыстары жүргізілуде.
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру қолға алынған. Атап айтқанда, «Жеке қауіпсіздік», «Буллингке қарсы тұру мәдениеті» іс-шаралары атқарылуда.
Және ҚР ОҚу ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» құжатының басты мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болып табылады.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Тәрбие бағытында жоғарыда аталған 7 Жоба барлық білім беру мекемелері мен колледждерде жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Білім беру мекемелеріндегі 258 547 оқушының, бүгінде, 210 301-і біртұтас тәрбие бағдарламасымен қамтылып, 84,2 % құрап отыр.
Оның ішінде, шығармашылық үйірмелерге - 67489, спорттық бағытта - 83463, мектептен тыс мекемеге - 21334, жекеменшік мектептердегі шығармашылық үйірмеде - 3408, білім басқармасына қарасты мемлекеттік тапсырыс бойынша - 3000 бала тәрбиеленіп жатса, қала мектептері арасында «Үздік ту ұстаушылар» байқауына 150 оқушы, «Алтын ұрпақ» дәстүрлі ән байқауына 60 оқушы, «Мамандықтар әлемін ашамыз» қалалық форумына 614 оқушы, балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің арасында «Жас музыканттар» фестиваль–байқауына 530 оқушы, «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің байқауына 138 оқушы, «Ақ шағала» қалалық хореографиялық фестиваль-байқауына 2212 оқушы қатысып, өнерлерін көрсетті.
Құрметті БАҚ өкілдері, бүгінгі өткен баспасөз конференциясының толық нұсқасын Шымкент қаласы әкімдігі Ақпараттық-коммуникациялар орталығының ютуб парақшасынан https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:

28 Қараша 2023, Сейсенбі
ШЫМКЕНТ: 265 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ
Комментарии (0)