Байланысқа арналған телефондар:
» » ШЫМКЕНТТІКТЕР VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БОЛДЫ

05 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
3 250
0
Астанада таеквондодан республикалық VI жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті. Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 179 спортшы бәсекеге түсті. Жарысқа 113 ер, 76 бұрымды қатысты.  
Бәсекеде еліміздің спортшылары 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жарыстың финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
 Республикалық сайыста жергілікті таэквондошылар үшінші мегаполис намысын қорғап, биік тұғырдан көрінді.
Ерлер арасында:
Абдурахман Марипов — 74 келі, 1-орын;
Абабакиров Самирхон — 63 келі, 1-орын;
Қожахмет Нұрқанат — 80 келі, 2-орын;
Бегзод Кадиркулов — 54 келі, 3-орын;
Жавохирхон Исламов — 58 келі, 3-орын;
Дүйсебай Смайыл — +87 келі, 3-орын.
Әйелдер арасында:
Феруза Ергешова — 73 келі, 2-орын;
Ясмина Нарбаева — 62 келі, 3-орын.
 Жазғы спартакиада төрт жыл сайын жалауын түреді. Биылғы спартакиадада Шымкент спортшылары 72 алтын, 63 күміс, 56 қола медальмен жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Жалпы жарыс 27 спорт түрінен өткізілді.
Жастар спартакиадасы – әр өңірден жас спортшылар қатысатын ірі спорттық шара. Бұл ауқымды турнир жастар арасында дене шынықтыру мен спорт мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Спартакиадада спорттың алуан түрлері, соның ішінде командалық және жеке пәндер бар. Мұндай деңгейдегі жарыстар жастарды спортпен шұғылдануға ынталандырып, достық пен бәсекелестікке баулиды.
Жасөспірімдер арасындағы спорттық жарыстар түрлі мәдениеттер мен ұлттар жастарының өзара тәжірибе алмасу және өзара әрекеттесу алаңы ретінде де қызмет етеді. Бұл шара салауатты өмір салтын насихаттайды және жастардың спортта жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылысын қолдайды.

Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать