Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында қоқыс қалдықтарын терең өңдейтін зауыт салынды

Түркістан облысында қоқыс қалдықтарын терең өңдейтін зауыт салынды

06 Қантар 2025, Дүйсенбі
1 778
0
Түркістан облысында қоқыс қалдықтарын терең өңдейтін зауыт салынады

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды испандық “Auditores Energeticos AFN” компаниясының өкілдерімен өңірде коммуналдық қалдықтарды терең өңдеу зауытын салу жобасын талқылады. Жоба аясында ұсынылған жаңа гидрогаздандыру технологиясы қоршаған ортаға зиянсыз болып табылады және қоқыс қалдықтарынан жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.
 Жоба Қазақстан Республикасының үкіметі мен инвестор компаниясы арасында АХҚО алаңында арнайы инвестициялық келісім шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Заңды сүйемелдеу жұмысын “Қазақинвест” ұлттық компаниясы жүргізеді.
  Облыс басшысы Дархан Сатыбалды жобаның маңыздылығына тоқталып, әкімдік тарапынан жобаны іске асыруға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын 17 мекеме жұмыс істейді. Олардың ішінде 13 мекеме қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау жұмыстарын жүргізсе, 4 мекеме қайта өңдеумен айналысады.
  Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, Түркістан облысында 69 032 тонна қоқыс жинақталып, оның 17 478 тоннасы қайта өңдеуге бағытталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін көрсетеді, себебі өткен жылы 103 181 тонна қоқыс жиналған болатын. 
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать