7) Мәжіліс Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң жобасын мақұлдады
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Мәжілістің жалпы отырысында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы мақұлданды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, бұл заң жобасын әзірлеу кезінде Англия, Италия, Өзбекстан және Әзербайжан сияқты елдердің тәжірибелері негізге алынған.
Заң жобасы бойынша Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 жаңа құзырет берілмек. Оның ішінде қала мәслихатына қаланың дизайн кодын белгілеу және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту құзыреті беріледі. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер шеберлерінің шығындарын ішінара бюджеттен өтеу қағидалары да жергілікті мәслихатқа жүктеледі. Қала әкімдігіне кесене айналасындағы құрылыс стандарттарын белгілеу құзыреті де берілмек.
Нұрлан Байбазаров бұл заңды іске асыру үшін басқа да заңдарды осы жаңа нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестендіру қажеттігін атап өтті. Ілеспе заңдар Жер кодексі, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», және «ҚР туристік қызмет туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтиды.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 100 метр радиусында биік ғимарат салуға заңмен тыйым салу мәселесі де қарастырылған.
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Похожие материалы:

05 Қырқүйек 2024, Бейсенбі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ШЫМКЕНТ МЕНШІГІНЕ 7 НЫСАНДЫ ӨТКІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Комментарии (0)