ШЫМКЕНТ: БАС ШЫРША ШАМЫ 23 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ЖАҒЫЛАДЫ

Шымкент қаласының бас шыршасын жағу рәсімі «Астана» алаңында өтеді. Жаңа жыл қарсаңындағы салтанатты кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысады.
Мерекелік кеш «Жаңа жыл алдындағы ертегі әлемі» қойылымымен басталады. Ары қарай ертегі кейіпкерлерінің шеруімен жалғасып, «Ертегілер» және «Новогодние игрушки» әндері орындалады. Осы сәтте «Аяз Ата мен Ақша қар» атты күймемен кейіпкерлер келеді. Оларды 40 қоян киімін киген кейіпкерлер күтіп алып, шырша шамы жағылады.
Салтанатты кеш жалпы флешмоб биімен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласады. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау барысында Шымкент қалалық Мәдениет үйінің әртістері өз өнерлерін ортаға салады.
Айта кетейік, қаланың бас шыршасын жағу рәсімі 23 желтоқсан күні сағат 19:00-де басталады.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Касым-Жомарт Токаев выступил на 13-м саммите Организации тюркских государств
30 Қазан 2026, Жұма
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 Қазан 2026, Жұма
В коде каждого пятого бота есть следы использования искусственного интеллекта
30 Қазан 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






