ПРЕЗИДЕНТКЕ ХАТ ЖАЗҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ
Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады.
Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келді, соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды.
Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Президентке жаңа жылдық хат жазған №45 мектеп-гимназиясының оқушысы Мадина Арзиеваны арнайы құттықтады. Мерекелік сыйға телефон сұраған жасөспірім қызға Мемлекет басшысының құттықтау сөзі жазылған ашық хаты мен сыйлықтары табысталды.
Қалада Президентке мерекелік хат жолдаған 5 балаға өз өтініштері бойынша сыйлықтар берілді. Жаңа жыл қарсаңында кішкентайларға 3 телефон, шана мен шағын робот сыйға тарту етілді. Арман-тілектері орындалған балалар ризашылығын білдіріп, ерекше қуанышқа бөленді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келді, соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды.Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Президентке жаңа жылдық хат жазған №45 мектеп-гимназиясының оқушысы Мадина Арзиеваны арнайы құттықтады. Мерекелік сыйға телефон сұраған жасөспірім қызға Мемлекет басшысының құттықтау сөзі жазылған ашық хаты мен сыйлықтары табысталды.
Қалада Президентке мерекелік хат жолдаған 5 балаға өз өтініштері бойынша сыйлықтар берілді. Жаңа жыл қарсаңында кішкентайларға 3 телефон, шана мен шағын робот сыйға тарту етілді. Арман-тілектері орындалған балалар ризашылығын білдіріп, ерекше қуанышқа бөленді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






