МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖОҚ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.у.а. Еркін Отарғалымұлы «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарған жұмыстарды қорытындылап, БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын берді.
Жаңа жыл мейрамын қауіпсіз өткізу мақсатында 25-желтоқсаннан бастап республика аумағында «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы қарқын алған болатын. Акция қарсаңында Шымкент қаласының ТЖД бірқатар мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында қала аумағындағы мейрамханалар, сауда орталықтары және адам көп шоғырланатын орындарда мейрам күндерін қауіпсіз өткізу мақсатында бір қатар кәсіп иелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар, осы тәріздес оқыс оқиғалардың алдын алу және заңсыз саудалауға жол бермеу мақсатында Полиция департаментінің өкілдерімен бірлесе баспасөз конференциясы өткізген болатын. Бұдан бөлек, Департамент қызметкерлері «Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану барысындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында білім беру мекемелерінде 22 интерактивті сабақ өткізіп, жалпы 7980 адамды қамтыған 347 үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Жаңа жылдық мерекелеу күндері Департаменттің жеке құрам қызметі күшейтілген нұсқауға ауыстырылып, жеке құрамдағы 240 адам мен 52 бірлік техника (38 бірлік техника резерв) жедел кезекшілікте қызмет атқарды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жаңа жыл мерекесін тойлау орындарында және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану барысында өрт оқиғасы орын алған жоқ»,- деді Еркін Отарғалымұлы.
Айта кету керек, 2023 жылдың 31 желтоқсан күні отты абайсызда пайдалану салдарынан бір қайғылы оқиға тіркелсе, 2024 жылдың 1-2 қаңтар күндері Шымкент қаласында газдан уланудың фактілері орын алған.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қараша 2023, Сәрсенбі
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ТАРАПЫНАН ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Комментарии (0)